Показать содержимое по тегу: актуаль
Бұл туралы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші қыз Жазираның әкесі Әбдірахман Жаппарқұл "Замана" газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтқан.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қ.Айтуғанов Түркістан қаласындағы «Мамлакат» ЖҚШ жұмысымен таныстыру барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовке ауыл тұрғындарының жұмыспен тиімді қамтылуын қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы АӨК өнімдерінің көлемін арттыру шаралары туралы баяндады.
Майкл Фелпс 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 16-ыншы рет чемпион атанған соң “үлкен спортты доғарамын” деп мәлiмдеген едi, деп жазады "Жас алаш" газеті шолушысы.
10 тамызда Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіп ашуға грант алуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауға көшу жоспары белгіленген. Ондай ауқымды шараның мақсаты көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуын қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.