Іс-шараға «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» өкілдері жəне Маңғыстау облысының мәслихаты активі, сондай-ақ аудандық, қалалық мəслихат төрағалары қатысты.
Жиын барысында Т.Мұқашев жергілікті мəслихат депутаттарының жұмыстары мен қолға алған істеріне сəттіліктер тілеп, келер жылы еліміздің мəслихаттарына 30 жыл толатынын баса айтты.
«1993 жылы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы» ҚР Заңын қабылдады. Бір жылдан соң –1994 жылы елдің жаңа өкілді органдары – мәслихаттарға депутаттарды сайлау өткізілді. Содан бері атаулы құрылымдар мемлекеттік басқарудағы маңызды буын рөлін атқарып келеді. Келер жылы Қазақстан Республикасында жергілікті өкілді органдар ретінде мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толады. Осы жерде Республикалық Қоғамдық Бірлестік пен мәслихаттардың арасындағы өзара байлыныс алгоритімін қайта жүктеп, «депутат» және «мәслихат» ұғымдарының да мәнін ашып алу керек» деді ол.
Жиын соңында РҚБ тарапынан жергілікті бірнеше халық қалаулылары «Құрметті депутат» төсбелгісі, Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарменен марапатталды.