«Садақ ату» секциясының ашылу салтанаты өтті
22.03.2024, 14:04

«Садақ ату» секциясының ашылу салтанаты өтті

18 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Ұлттық спорт түрі «Садақ ату» секциясының ашылу салтанаты өтті. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында, университетімізде сан түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Садақ ату – қазақ халқының ептілік пен мергендік,қырағылық қасиеттерін сынап, ержүрек жас мергендердің мақтаныш сезімдерін оятатын ежелгі ойындарының бірі және Жазғы Олимпиадалық ойындарының бір түрі. «Садақ ату» секциясының ашылуына «Аманат» партиясының Астана қалалық филиалы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов, Ұлттық спорт федерациясы мен Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері оқушы және студент жастармен жұмыс бөлімі ұйытқы болды.

«Садақ ату» секциясының ашылу салтанатына Басқарма төрағасы - Ректор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының директоры Елсияр Баймұхаммедұлы Қанағатов, Ұлттық спорт қауымдастығы Әкімшілік және қаржы департаментінің басшысы Қуандық Шыңғысұлы Құдайбергенов, «Садақ ату» федерациясының вице-президенті Ерназар Абұлхайырұлы, «Аманат» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Мұхаммед Әбдіәшімұлы және Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері оқушы және студент жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бағдат Суханберліұлы қатысып, «Садақ ату» секциясының ашылуына байланысты жиналған құрметті қонақтар мен профессор-оқытушылар құрамына және студенттер қауымына секцияның ашылуына байланысты сөз сөйлеп, Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер