"Биыл туғанына 130 жыл толатын көрнекті мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин есімін иеленіп отырған университет студенттерінің Сейфуллин атындағы көшенің көркеюіне үлесін қосуы да - заңдылық. Бұл - ұлттық рухтың ұстыны болған ұлы тұлғаның қайраткерлік қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіруге жасалған тағы бір қадам болды" деді ҚазАТЗУ ректоры Қанат Тіреуов.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері сенбілік челленджін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жолдады.