Маңғыстауда нашақорлықпен күрес бойынша мәслихат депутаттары Үндеу жариялады
12.06.2023, 20:48

Маңғыстауда нашақорлықпен күрес бойынша мәслихат депутаттары Үндеу жариялады

А.ж. 12 маусымда Маңғыстау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашевтің  қатысуымен  бірлескен «Өңірдегі нашақорлықпен күресудің өзекті мәселелері» тақырыбында көпшілік тыңдау отырысы өтті.

Жиын жалпыұлттық аза тұту күніне орай Абай облысындағы алапат өрттің салдарынан қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Қазіргі таңда қоғам дертіне айналған есірткінің жастар арасында белең алуы туралы жергілікті режиссер Азамат Артықовтың «Арбау» қысқа метражды фильмінен үзінді көрсетіліп, «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыптық кітап көрмесі  қойылды.

Көпшілік тыңдау күн тәртібінде  «Өңірдегі нашақорлықпен күресудің өзекті мәселелері» қаралды.

Ұсынылған мәселе бойынша Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Сұлтанбек Ешмұратов, Ақтау қалалық Есірткі қылмыстарына қарсы іс қимыл бөлім бастығының полиция майоры Нұрбол Бақтыбай және Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық психикалық орталығының бас дәрігері Мәди Токанов баяндама жасады.

Қала тұрғыны Мұрат сөз сөйлеп, ұсыныстарын білдірді.

Облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев аталған мәселе бойынша берілген ұсыныстарға облыс әкімдігі қолдау білдіретінін және бірлесіп жұмыс жасайтындығын атап көрсетті.

Жиынға ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров, Сүйіндік Алдашев  және Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, өзге де облыстардың мәслихат төрағалары қатысты.

Сонымен қатар комиссия мүшелері, облыс әкімдігі, мәслихат аппараты, мәслихат депутаттары, қала, аудан әкімдері, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары,  үкіметтік емес ұйымдар, еңбек ардагерлері мен мамандары, құқық қорғау саласының қызметкерлері мен облыс тұрғындары келді.

Залдың ішінде ашық микрофондар мен сауал жәшігі қойылып жиырмадан астам ұсыныс-пікірлер қойылды.

Жиын соңында «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашевпен бірге Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев осы індетпен күресуді ел болып қолға алу үшін мәслихат депутаттарының атынан халыққа Үндеу жариялады.

Алдағы уақытта көпшілік тыңдаудың қорытындысы мен комиссияның шешімі шығарылып, нашақорлықтың алдын-алу іс-шаралар жоспары жасақталып, тиісті мемлекеттік органдармен және Сенат депутаттарымен бірлесіп тығыз жұмыс жасалатын болады.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер