Астана

Показать содержимое по тегу: Астана

2023 жылдың 8-9 маусымы аралығында Елордада Астана халықаралық форумы өтті. Келелі кеңестің тақырыбы «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және ілгерілеу жолында» деп аталды.

Опубликовано в Саясат жүзі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Территория комфорта-1» проблемалық тұрғы үй кешенінің құрылысы аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Опубликовано в Шешімгер

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бас онколог Мұхтар Есжанұлы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


«Пандемияның негізгі соққысы медицина қызметкерлеріне тиді. Алғашқы күннен бастап олар алдыңғы шепте коронавируспен күресті. Қала тұрғындарын аталмыш инфекциядан бөлек басқа аурулардан да емдейді. Медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мыңдаған адамның өмірі құтқарылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының медицина ұйымдарының дәрігерлері, орта және кіші буын қызметкерлері жалпы 350-ден астам маман түрлі медальдармен, наградалармен марапатталды.

Мұхтар Есенжанұлы қаламыздың бас онколог маманы. Оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Пандемия басталғалы бері Мұхтар Есенжанұлы науқастарды емдеу үшін төсек-орындар дайындап, шетелден келген алғашқы науқастарды қабылдады, жаңа инфекциялық стационардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты. Ол басқаратын көпбейінді медициналық орталық COVID-19 инфекциясынан 15 мыңнан астам науқасты емдеді.

Сонымен қатар, үйлесімді жұмыстың арқасында орталықтың онкологиялық бөлімшесінің жұмысы бір күнге тоқтаған жоқ. Онкологиясы бар 8 мыңнан астам пациент емделді, 3 мыңнан астам операция жасалды. Карантин кезінде онкопациенттерге дәрі-дәрмектерді үйге жеткізу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қосымша инсульт орталығы ашылды, ол жоспарлы және шұғыл пациенттерді қабылдайды.

Елорданың бас онкологын «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен шын жүректен құттықтаймын! Мұхтар Есенжанұлы тағы да жүздеген науқасты аяққа тұрғызатынын білемін!

Ел басшылығы медицина қызметкерлерін қолдау шараларына ерекше назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуды жалғастырамыз», - деп жазды елорда әкімі.

 

Фото: Александр Куприенко

Опубликовано в Руханият

Кіші Талдыкөл суының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілмесе, бірер жылдың ішінде құрғап қалуы мүмкін. Себебі мұнда құрғау процесі жүріп жатыр. Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков жетекшілік еткен экологиялық кеңесте Кіші Талдыкөлдегі рекреациялық аумақты сақтау және құру мәселесі қаралды.

Опубликовано в Шешімгер
Страница 1 из 20

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер