"Айтарын айтқан соң Майкл бұлаңдап, әр нәрсеге ұрынды. Iшiмдiк iшiп, тәртiп сақшыларымен де тәжiкелестi, көшеде бiреулермен де жаға жыртысты. Ақыры 2014 жылы спортқа қайтып келдi. Қайтып келгенi олжа болған екен, Рио суынан бiрнеше алтын медальдi сүзiп алды", - деп тамсанады ол.
Расымен де, Майкл Фелпстiң жазғы Олимпиада ойындарында, яғни үш Олимпиада ойындарынан олжалаған алтын медалi 23-ке жеттi. Фелпстiң қол жеткiзген табысын Олимпиада ойындары өтiп келе жатқан 2 мың жыл iшiнде ешбiр спортшы еңсерген емес. Ендiгi мыңжылдықта да Фелпстiң биiгiне шығатын спортшы туады дегенге сене қою қиын.