Кездесу барысында өңірді дамыту мәселелері, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жоспары, Сенат пен мәслихаттардың өзара іс-қимылының келешегі талқыланды.
Жетісу өңірін өркендету үшін облыстық депутаттар тарапынан қойылған сауалдар мен ұсыныстарды тыңдаған Мәулен Әшімбаев «Өңірлердегі әріптестеріміздің тәжірибелері мен пікірлері аса маңызды. Сондықтан біз мәслихат депутаттарымен белсенді әрі тығыз жұмыс істеуді көздеп отырмыз», - деді.
Өте мәнді кездесу өтті.