Показать содержимое по тегу: спорт
Бұл туралы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші қыз Жазираның әкесі Әбдірахман Жаппарқұл "Замана" газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтқан.
Рио-де-Жанейро Олимпиадасына эстониялық әйелдер командасының құрамында 30 жастағы үшемдер қатысады, деп хабарлайды zamana.kz.
Олар – Лили, Лийна және Лейла Луйк, марафондық жүгіруде өнер көрсетеді.
Молдова құрамасындағы ядро лақтырудан жарысқа түсетін Марина Никишенко, Залина Маргиева мен Сергей Маргиев бір-біріне әпке-іні болып келеді. Сондай-ақ бұл құрамада Сергей және Олег Тарновский есімді ағайынды жігіттер де бар.
Жалпы, Олимпиадаға қатысатын егіздер баршылық. Біздің Қазақстан құрамасы қатарында синхронды жүзуден сайысқа түсетін Екатерина және Александра Немичбар. Ресей командасында триатлоннан ағайынды Дмитрий мен Игорь Полянскийлержарысқа қатысады. Сондай-ақ Ресей құрама командасының қатарында 17 жастағы егіз гимнасттар – Дина және Арина Аверина өнер көрсетеді.
Сол сияқты, бұл Олимпиадаға Грузия атынан Нино Салуквадзе мен оның 18 жастағы ұлы Цотнэ Мачавариани мылтық ату спортынан қатысады. Беларусь құрамасының қатарында теннисші Максим Мирный мен оның әкесі – жаттықтырушы Николай Мирный бар.
Бұл жарыстарға Олимпиада иесі – Бразилияның синхронды жүзу шеберлері Беатрис және Бранка Ферес қатысады деп күтілуде. Бұл егіздер Олимпиада өтетін Рио-де-Жанейро қаласында 1988-жылы өмірге келген.
...Міне, Рио-де-Жанейро Олимпиадасы осындай азаматтардың қатысуымен де ерекшеленгелі отыр.
Майкл Фелпс 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 16-ыншы рет чемпион атанған соң “үлкен спортты доғарамын” деп мәлiмдеген едi, деп жазады "Жас алаш" газеті шолушысы.
Күні кеше Рио-Олимпиадасы аясында өткен еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қола медаль үшін моңғол балуаны Мандахнаран Ганзориг пен өзбек спортшысы Ихтиер Наврузов белдескен болатын.
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен этникалық қазақ Елмұрат Тасмұратов қырғыз халқының үкілі үміті болған Арсен Ералиевті жеңіп, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.