7:6 есебімен ұтып тұрған моңғол жекпе-жектің соңында қарсыласын мазақтағандай қолын жоғары көтеріп, қаша бастады. Алайда төрешілер есепті 7:7 қылды. Артынан Наврузовты жеңімпаз деп таныды. Осыдан кейін моңғол құрамасының бапкерлері наразылық білдіріп, жұрттың көзінде шешініп тастады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бапкерлердің әрекетіне қарамастан, төрешілер өз шешімін өзгерткен жоқ. Қола медаль өзбек балуанына тапсырылды.