Бұл акция «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ қоғамдық ұйымының 10-жылдық мерейтойы аясында өтті. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасының, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының дәнекері болған қоғамдық ұйымды құру және қалыптастыру идеясы экономика ғылымдарының докторы, коалицияның тұңғыш төрайымы Рақымбекова Салтанат Темірқұлқызына тиесілі. Беделді қоғам қайраткері Салтанат Темірқұлқызы көзі тірісінде көптеген қоғамдық және әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың бастамашысы болып, қоршаған ортаны қорғау саласында жемісті еңбек етті.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Аллея 2020 жылдың күзінде Салтанат Рақымбекованың әріптестері мен шәкірттерінің бастамасымен ашылып, жыл сайын ағаш отырғызылып келеді. Бүгінгі күнге дейін барлығы 200-ге жуық қарағай отырғызылды.