Показать содержимое по тегу: Сұхбат
Еліміз тәуелсіздік тәжін кигелі бері бірқатар азаматтар латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлердің 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны да баршаға аян. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажеттігі айтылды: «Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», - деп латын графикасының маңызын айқындап берген еді. Елбасының тапсырмасын орындауға белсене үлес қосып жүрген ел азаматтарының бірі, қазақ тіліне лайықталған «Bailatyn» латын графикасының авторы, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің роман-герман филологиясының маманы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің, Швейцариядағы Еуропа университетінің DBA деңгейіндегі докторы, кәсіпкер Арман Байқадаммен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
Еліміз егемендік алғалы 26 жыл болып қалды. Экономикада, мәдениетте ұлан-асыр табыстарға жеттік. Қаланың да, ауылдың да бет-бейнесі түбегейлі өзгеріп, әлемдік өркениеттің озық үлгілеріне қол жеткіздік. Сөйтсе де өзіміздің қаракөз бауырларымыз тарапынан мемлекеттік тілімізді меңгеруге керенау көзқарасты байқағанда еріксіз қынжылады екенсің. Сондағы айтар уәжі – «Орыс мектебінде оқып едім», «Тіл үйренуге уақытым жоқ». Керісінше өзімізбен қатар еңбек етіп жүрген өзге ұлт өкілдерінің қазақша сайрап тұрғанын немесе ойын қағазға іркіліссіз түсіретінін көріп, еріксіз сүйсінесің. Солардың бірі – Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінде жол-патрульдік полицияға жетекшілік ететін аға лейтенант Николай Викторович Трошин.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігі мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен Лондонда көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтің театр фестивалі өтті. Фестиваль аясында М.Әуезов атындағы академиялық драма театры «Жаужүректі», Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры «Актриса» спектаклін қойды. Ағылшын театры драматургтің «Аққу Жібегін» сахнаға шығарды. Ұлыбритания елінен олжалы оралған драматургпен тілдескен едік.