Показать содержимое по тегу: актуаль
20 наурызда Түркістан облысы Отырар ауданы орталығы Шәуілдірде көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғыртылды. Оны жергілікті азамат Абылайхан Қалназаровтың өтінішімен ақмолалық айтулы палуан Арман Сүлеймен көтерді.
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан облысына Балуан тас сапары» экспедициясының 2-күні Бәйдібек, Созақ аудандарында өтті. Ол ұлттық баһадүрлік мұраны жаңғыртуға бағытталған «ҚАЗАҚ КҮШІНІҢ КАРТАСЫ» мәдени-танымдық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Топ жетекшісі – «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті, күш мәдениетін зерттеуші Абылайхан Қалназаров.
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан облысына Балуан тас сапары» экспедициясының 1-күні Сайрам, Ордабасы аудандарында өтті. Ол ұлттық баһадүрлік мұраны жаңғыртуға бағытталған «ҚАЗАҚ КҮШІНІҢ КАРТАСЫ» мәдени-танымдық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Топ жетекшісі «Baluan tas» академиясының президенті, күш мәдениетін зерттеуші Абылайхан Қалназаров.
А.ж. 18–21 наурыз аралығында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұлттық баһадүрлік мұраны жаңғыртуға бағытталған ірі мәдени-танымдық жоба – «ҚАЗАҚ КҮШІНІҢ КАРТАСЫ» аясында «Түркістан облысына Балуан тас сапары» экспедициясы өтеді.
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы аясында конституциялық реформалардың стратегиялық маңызы талқыланды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.