күрес

Показать содержимое по тегу: күрес

Осы күндері Францияның Макон қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионы өтіп жатыр. Тоғыз жылдық үзілістен соң елімізден әлем чемпионы шықты, деп хабарлайды aikyn.kz.

Жарыс жолына алғаш болып грек-рим күресінің балуандары кірісті. 30 тамызда басталған біріншілік қыркүйектің 4-не дейін жалғасады. Темірлан Шадукаев - 74 келіде әлем чемпионы атанды. Балуан 2013 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған еді. 2014 жылы құрлық чемпионатында қола медальды иеленді. Сондай-ақ, жастар арасында 2016 жылғы ел чемпионы екенін де атап өту керек. Осы жылы Азия чемпионатына қатысып, күміспен күптелді. Жастар арасынан әлем жеңімпазы шықпағанына биыл 9 жыл толған еді. Осынша үлкен үзілістен соң, Шадукаев орнын толтырып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Әсет Иманбаев - 2000 және 2001 жылдары екі дүркін әлем чемпионы. Тәуелсіздік алғалы бері жеңіл салмақта жүлде салған әлі ешкім жоқ. Иманбаев 55 келіде күрескен кілем шебері. Сонымен бірге 60 келіде 2004 жылы Нұрбақыт Теңізбаев та әлем чемпионы. Кейін 2008 жылы Бейжің олимпиадасында қолаға қол жеткізген. Темірланға дейінгі жеңімпаз - Артур Үмбетқалиев 2009 жылы жеңіске жеткен еді.

Классиктердің жүлдесі мұнымен біткен жоқ. Финалға дейін жолындағын "жапырған" әлемнің күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметов. 66 келіде белдесетін бұл балуанның жетістіктері бір басына жетерлік. Күреске 2004 жылы келген. Алматыдағы "Шаңырақ" спорт-интернатында тәлім алады. 2014 жылы Қазақстан чемпионатында, Бақтияр Байсейітов турнирінде көш бастады. Жақсылық Үшкемпіров турнирінде 2015 жылы екінші орынды, осы жылы бірінші орынды иеленді. 2015 жылы жастар арасында ел біріншілігінің жеңімпазы, сол жылы Қазақстан кубогында жеке есепте үздік шығып, кубок иегері атанды. 2016 жылғы жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атағы да бар. 

 

Алдағы уақытта боз кілемде балуан қыздарымыз бен еркін күрес шеберлері бақ сынайды. 

Опубликовано в Жалпы спорт

Қазақстан, Әзірбайжан мен Украинаның еркін күрес балуандары допинг-сынаманы қайта тексергеннен кейін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада медальдарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтей отырып silteme.kz  хабарлайды. 

Опубликовано в Спорт

26 тамыз – исі қазақ баласы үшін айтулы даталардың бірі болуы тиіс еді. Алайда, ол күннің маңызын дәл қазір бірі білсе, бірі білмейді.

Опубликовано в Саясат жүзі

Толстой: «Бәрі Ресейді құтқарғысы келеді, бірақ өз жанын ешкім құтқарғысы жоқ…», – деген болатын. Дәл осы өлшем өз өміршеңдігін жоймағаны өз алдына, бұл замана туғызған рухани кодекс, этикалық нормаға айналып үлгерді. Қазақ өз жанын құтқаруға қаншалықты дәрмені бар? Және соған қаншалықты бейілді? Жалпы, бойымыздағы асқынып бара жатқан кесел мен жабысқан кесірді жоюға дайынбыз ба?

Опубликовано в Шешімгер

Күллі әлемді тіксіндірген терактілердің бірінің артынан бірінің орын алуы адамдарды үрей құшағына тарта түскендей. Алматыдағы қарулы шабуылдан кейін, іле-шала Мюнхендегі орын алған қанды оқиғаны ақпарат құралдары әуелде «діни ұшқарылардың әрекеті» деп баға берсе, көп өтпей қанды-қолдар туралы нақты ақпараттардың таралуына байланысты өзгеше тұжырымдар жасала бастады.

Опубликовано в Шешімгер
Страница 6 из 7

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер