Әзірге ресми ақпаратқа сәйкес наградаларынан айырылатын тек екі спортшының есімдері белгілі болған. Олар: 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Өзбекстан балуаны Тимур Таймазов және 2012 жылғы күміс жүлдегер ресейлік Бесик Кудухов (2013 жылы қаза болған). Допинг пайдаланды деген күдікке ілінген басқа спортшылардың есімдері әзірге жарияланбады.
Еске сала кетесек, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қазақстаннан барған Таймураз Тигиев пен Елена Шалыгина күміс жүлде иеленсе, қола медальді Марид Муталимов еншілеген болатын. Ал 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Ақжүрек Таңатаров пен Гюзель Манюрова қола медаль алған еді.