Қазақстан – Корей бизнес форумы аясында бірнеше меморандумға қол қойылды
09.11.2016, 16:04

Қазақстан – Корей бизнес форумы аясында бірнеше меморандумға қол қойылды

Елбасының Корея Республикасына  мемлекеттік сапары аясында  Сеул қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов KIGAM – Корей геология ғылымдары және минералдық ресурстар институтының президенті  Шин Джунг-Хо мырзамен кездесті.

Қазақстандық делегация институт басшылығымен және оның қызметімен танысты. Сондай-ақ, Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

KIGAM институты өзінің полиметалл кендері мен сирек металдар іздеуге мүдделі екендерін  айтып, геологиялық барлау процесіндегі тәсілдер мен жұмыс әдістері, қолданылатын  инновациялық технологияларымен таныстырды.

Қазақстан-корей бизнес форумы мен Іскерлік кеңесі аясында Қазақстанның аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жөніндегі «Қазгеология» АҚ және Корей KIGAM институты  арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Институт 2017 жылдан бастап перспективалы жобаларды қаржыландыруға және бірлескен жұмыстарды бастауға дайын. 

Құжатқа «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов және KIGAM институтының президенті Шин Джунг-Хо қол қойды.
KIGAM институты  «Қазгеология» АҚ-қа Қазақстан Республикасының аумағында геологиялық кластер құру, елдің тау-кен саласындағы кадрларды оқыту әрі біліктілігін арттыру бойынша кеңес беріп, тәжірибесімен бөлісуге әзір.

Сондай-ақ, «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы «KORES-тің» жаңа президенті Ким Ён-Минмен кездесті. Тараптар Қарағанды облысының Дүйсембай учаскесіндегі бірлескен жоба бойынша ынтымақтастықтың бүгінгі жай-күйін талқылап, дала жұмыстарының қорытындысын жасады және алдағы жылға арналған жоспарларды айқындады. 

KIGAM институты мемлекет толық демеушілік көмек көрсететін геология ғылымдарын дамытумен айналысатын әлемдегі жетекші институттардың бірі.

Геология ғылымдары саласында зерттеулер жүргізіп, қазіргі заманғы технологияларды ұсынады және қызметтер көрсету арқылы геологияны мемлекеттік дамытуға үлес қосады. KIGAM институтының кірісі 2015 жылы 131 млн. АҚШ долларын құрады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер