Қазіргі таңда ашық кен орындарының 90%-ы жер қойнауын пайдалануға тартылған. Бұл кен орындарының барлығы мемлекетк
е кіріс кіргізіп, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде.
Қазақстан жер қойнауы минералдық ресурстарының байлығы жағынан және алуан түрлілігі бойынша әлемнің көшбасшы елдер тобына кіреді. Мысалы, алтын байлығы бойынша - 15-орында, вольфрам - 1-орында, қорғасын - 5-орында, мырыш - 5-орында, хром кені - 2-орында, мыс-12-орында және т.б.
Соңғы 10 жылда шикізат секторына тікелей инвестициялардың тартылуы 132 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл - Қазақстанға тартылған жалпы инвестициялар көлемінің 60%-ын құрайды.
Қазақстан Республикасының егемендігі жылдары алғаш рет Мемлекеттік балансқа 119 көмірсутекті шикізат, 94 алтын, 19 марганец кені, 14 мыс,16 темір кені және өзге де кен орындары қойылды.
Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға 866 келісім-шарт қолданылуда. Олар тау-кен және мұнай-газ секторларына шамамен 132 млрд. доллар көлемінде инвестиция ағынын қамтамасыз етті. Бұл елімізге тартылған барлық инвестициялардың (231 млрд.) 60%-ын құрайды және оның 75 миллиарды геологиялық барлау жүргізуге тартылған.
Минералдық-шикізат қорын толықтыру үшін геологиялық зерттеуге мемлекеттік бюджеттен соңғы 5 жылда 43 млрд. теңге бағытталды.
Бюджет қаражаты және жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялары есебінен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 5 жылда пайдалы қазбалардың басым түрлерінің болжамды ресурстары мен қорлары өсе түсті.
Алтын қоры –475 тонна
мыс қоры –8 млн.тонна
қорғасын қоры –415 мың тонна
мырыш қоры –988 мың тонна.
Еліміздің минералдық-шикізат қорын толықтыруды қамтамасыз ететін жаңа кен орындарын ашу үшін, бізге одан әрі де инвестициялар тарту керек екенін Ж.Қасымбек атап өтті.
Саланың инвестициялар тартымдылығын арттыру үшін Елбасы атаған Ұлт жоспарының 74-ші және 75-ші тармақтарын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекс жобасында көрсетілген ЭЫДҰ ұсыныстарын ескере отырып, жұмыстар жүргізілуде.
Кодексті қабылдау "Кім бірінші келді, сол алды» (австралиялық әдіс) принципін қолдануға, жер қойнауын пайдалану құқығын беру мерзімін 3 айға дейін қысқартуға (қазір 18 ай), CRIRSCO халықаралық стандарттарын енгізуге, сондай-ақ геологиялық ақпаратқа еркін қолжетімділік болуына мүмкіндік тудырады.
Қазақстан CRIRSCO комитетінің 10-шы мүшесі болды. Пайдалы қазбалар қоры есебінің халықаралық стандарттарына көшу халықаралық биржаларға шығу үшін ұсынылатын ақпараттың ашықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ететінін айта кеткен жөн. Дәл пайдалы қазбалар қоры есебінің стандарттарын (CRISCO) күллі әлемнің жетекші қор биржалары мен банктері мойындайды.
Соңғы 3 жылда жүргізілген реформалар Қазақстанға бірнеше ірі трансұлттық компанияларды тартуға мүмкіндік берді. Алайда, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін геологиялық барлаудың ерте кезеңдерін мемлекеттен қаржыландыруды қамтамасыз ету керек.
Геология саласын одан әрі дамытудың басым бағыттары жөнінде айтылды. Олардың бірі ретінде терең қабаттарда барлау жұмыстарының ерте кезеңдерін жүргізу, жер қойнауын зерттеудің басым бағыттарын әзірлеу үшін озық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ әлемнің Ұлттық геологиялық орталықтары мысалымен салалық инфрақұрылым құру болып табылады. Бұл геология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға жаңа серпін беріп, тиімді технологиялар саласындағы трансфертке жағдай тудыруға себепші болмақ. Сонымен қатар, минералдық-шикізат қоры бойынша жобаларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеуді қамтамасыз ететін болады.