Показать содержимое по тегу: актуаль
Жер туралы тақырыптан жеріп, келе жатқан Рамазан айына көңілді баптау ретінде қойындәптерімді жинақталып қалған ақыл-кеңестермен бөлісуді жөн көрдім.
Әрбiр тасы тарихтан сыр шертетiн Оңтүстiк өңiрдегi киелi Түркiстан, Қазығұрт, Сайрам мен Сауран, Ордабасы мен Күлтөбе, Түлкiбас, Отырар шаїарларының рухани байлығы – қазған сайын саулап құйылатын сансыз мол қазына. Әл-Фараби, Ясауи, Төле би, Бәйдiбек би, Домалақ Ана секiлдi рухани тұлғалар осынау қасиеттi мекенге даланың даналық мектебiн мирас еттi. Табиғат-Ана да Оңтүстiк өңiрi жұртының бақуатты ғұмыр кешiп, үлгiлi қоғам құруы үшiн бар сыйын аямапты.
«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» деп жырлаған өлең-сөздің дүлділі, Ұлы дала жыршысы Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 170 жыл. Осыған орай Сербия астанасы – Белград қаласында ақын ескерткіші орнатылып, тас тұғырдың ашылу салтанатына Алматы облысынан арнайы делегация ертең жолға шықпақ, деп хабарлайды aikyn.kz.