Оңтүстiктiң он тарабы
21.08.2016, 22:16

Оңтүстiктiң он тарабы

Дархан Жиенбай Дархан Жиенбай okg.kz

Әрбiр тасы тарихтан сыр шертетiн Оңтүстiк өңiрдегi киелi Түркiстан, Қазығұрт, Сайрам мен Сауран, Ордабасы мен Күлтөбе, Түлкiбас, Отырар шаїарларының рухани байлығы – қазған сайын саулап құйылатын сансыз мол қазына. Әл-Фараби, Ясауи, Төле би, Бәйдiбек би, Домалақ Ана секiлдi рухани тұлғалар осынау қасиеттi мекенге даланың даналық мектебiн мирас еттi. Табиғат-Ана да Оңтүстiк өңiрi жұртының бақуатты ғұмыр кешiп, үлгiлi қоғам құруы үшiн бар сыйын аямапты.

Ал, бiз Құдайдың берген осынау байлығын келер ұрпаққа қаншалықты қалпын бұзбай қалдырып барамыз? Бұқар жырау «Баланың жақсысы, артылып туса өзiңнен» дейдi. Өскелең ұрпағымыздың жақсы болуын қалайды екенбiз, онда өзiмiз оларға бақытты өмiр қалыптастыруымыз шарт. Сапалы өмiр сүре бiлу ғана бiздiң жүйелi түрде еңбек етуiмiзге, түрлi салада жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзуiмiзге кепiл болады.

Мұнай бағасы күрт түскен соңғы үш жылда сырттан келетiн барлық тауардың бағасы екi есе қымбаттады. Өйткенi, ел қазынасына түсетiн кiрiстiң 70 пайызы мұнайды сыртқа сатудан түсетiн. Осылайша әлгi жетпiс пайыздың орны опырылып қалды. «Әлемдiк Банк» көрсеткiшiне сәйкес Қазақстанның iшкi өнiмiнiң өсiмi бес пайыздан бiр пайызға түстi. Инфляция он пайызға өстi. Бұл көрсеткiш тәжiрибелi мамандардың айтуынша, экономикалық апаттың алды. Экспорт пен импорт көрсеткiштерi қырық пайызға дейiн төмендедi.

Әлемдiк тәжiрибеде қымбатшылықтан құтылудың жолы – көп салалы өндiрiс. Опырылған орынды тек отандық өндiрiстi дамыту арқылы ғана толтыра аламыз. Ерекше ескеретiн жай, отандық өнiм деп шикiзаты да өз жерiмiзден шығып, өз мамандарымыз жасаған өнiмдi айтады.

Жерiн қазсаң тұзды су мен тастан басқа түк шықпайтын тоқымдай аралда тұратын Жапония, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Англия сияқты елдер тек өндiрiс арқылы әлемде ең бай, озық технологиялы мемлекеттер қатарына кiрiп отыр.

Өндiрiстi өркендету үшiн алдымен қоғамның әрбiр азаматы экономика, құқық, салық, бизнес салаларының қыр-сырын жақсы бiлетiн сауатты їәм белсендi болуы тиiс. Азаматтық белсендiлiгi жоқ қоғамды мiндеттi түрде жемқорлық иектейдi. Әрбiр қаракөз сүйiктi iсiнiң шеберi болса, сенiмдi түрде азаматтық белсендiлiгi артып, өз тәжiрибесiмен қуана бөлiсiп, кәсiпкерлiктi сiз бен бiз ойлаған биiктен де жоғары көтерiп жiберушi едi.

Елбасы да соны ойлап, «Жол картасы – 2020» бағдарламасын бекiтiп, қазынадан 1 трлн. теңге бөлдi. Халықты жаппай сауаттандыру мақсатында Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi барлық аудан орталықтарында Кәсiпкерлердi қолдау орталықтарын ашып, кәсiпкерлерге тегiн қызмет көрсету жұмысын бастап кеттi. Соңғы үш жылда кәсiпкерлiк сауат ашу курстарында 35899 адам оқып, сертификат алды. Соның 1231-i өз кәсiптерiн ашып, жұмыстарын бастап та кеттi. Қалған 34668 кiсi түрлi себептермен, бәлкiм өз күш-қайраттарына сенбегендiктен әлi кәсiп бастай алмай жүр. Ал, Оңтүстiкте 67 мыңға жуық жұмыссыз бар.

Бiр iстi бастауға сенiмсiздiк ақпараттың жетiспеушiлiгiнен болады. Дамыған елдерде кәсiпкерлер немесе зиялы қауым ғана емес, мектеп көрген әрбiр сауатты азамат өз өңiрiнiң экономикалық ахуалын өз үйiнiң жағдайын бiлгендей бiледi. Өйткенi, ол маңдай термен тапқан еңбегiнiң бiр бөлiгiн салық ретiнде өкiметке төлейдi. Өкiмет мүшелерi салық төлеушiлердiң қаражаты есебiнен жиналған қазынадан жалақы алып отырғанын жақсы бiлгендiктен, олардан кез келген ақпаратты ашық-жария түрде көрсетуiн талап ете алады. Мысалы, «бюджетке салықтан қанша қаражат түседi?», «ол қаражат қай мөлшерде қайда, қалай жұмсалып жатыр?», «бөлiнген қаржы қаншалықты орынды игерiлуде?», т.б. осындай сұрақтарды қоюға келгенде басым көпшiлiк ағайындарымыз «ой, оны саған бәрiбiр айтпайды» деп орынды-орынсыз iштен тына салады. Иә, дұрыс ойлайды, сұрамаған адамға кiм ақпарат бередi? Өңiрiндегi қаржы айналымын жақсы игерген азамат жеке бизнесiнiң қаржысын да оңай игере алады.

Жаңа кәсiпкерлерге оңай болу үшiн Оңтүстiк өңiрдiң жалпы экономикалық жағдайының ең негiзгi көрсеткiштерiн тiзiп көрейiк: климаты субтропикалық жылы болғандықтан шығар, Статистикалық агенттiк 2,7 миллион халықтың 1,2 миллионы еңбекке жарамды деп көрсетiптi. Облыста 193 432 шағын және орта бизнес өкiлi белсендi қызмет атқарып жатыр. 11 аудан, 4 қала, 1200 ауылдан тұратын Оңтүстiк өңiрi Қазақстан бойынша халық саны мен орта-шағын кәсiпкерлер саны жағынан ең алдыңғы қатарда. Облысқа тиесiлi 117 000 шаршы шақырым жер алқабының 45 000 гектары суармалы жер болса, соның 40 000 гектары игерiлмей бос жатыр. Халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының Оңтүстiк арқылы өтуi кәсiпкерлiктi дамытуға керемет мүмкiндiк бередi. Өйткенi, дайын өнiмiңдi Ресейге, Еуропа мен Қытайға сатуға жол ашық. Оңтүстiк халқының 90 пайызының орташа айлық табысы – 80 000 теңге. Бұл көрсеткiш салыстырмалы түрде Еуропа елдерiнен әлдеқайда төмен. Нарық заңы бойынша кiмнiң заты арзан әрi сапалы – соның саудасы жүредi.

Облысымыздың қолда бар мүмкiндiгiн жiктеп, жiлiктеп көретiн болсақ, өндiрiс көзiн тауып, кәсiпкерлiктi жүзеге асыру жолдарын он тарапқа бөлуге болады. Жоғарыда айтылған 34 668 адамға, яғни кәсiпкерлiк негiздерiн оқып, сертификат алып, әлi өз кәсiбiн аша алмай жүрген жандарға және 67 000 жұмыссызға арнап ОҚО-да арнайы мамандар қай кәсiптiң Оңтүстiкте тиiмдi әрi оңай екенiн зерттедi. Аймақтың бүкiл байлығы мен мүмкiндiктерiн талдап-таразылап, көпшiлiк назарына ұсынды. Алдағы уақытта он тараптың әр тарабына арнайы тоқталып, бөлек зерттеу жасайтын боламыз. Тек ескеретiн бiр мәселе, бiз электроникалық жабдықтар жасап, жапондармен бәсекеге түсуден кеш қалдық. Көлiк жасаудан да немiстерге бәсекелес бола алмаймыз. Бiрақ қолда барды бағалай бiлсек, бай болудың әлi де бiрнеше бағыты бар, бiз мұны шартты түрде «Он тарап» деп атадық:

1-тарап: Ауыл шаруашылығы индустриясы

Мал шаруашылығы

Iрi-қара

Жылқы

Түйе

Қой-ешкi

Үй құстары

Балық

2-тарап: Егiн шаруашылығы

Алма

Бидай

Мақта

Жүзiм

Асқабақ

сарымсақ, пияз

бұршақ дақылдары, т.б.

3-тарап: Тамақ өндiрiсi

Ет

Сүт

Ұн

Ас майы

Минералды су

4-тарап: Тоқыма өндiрiсi

Мақта

Жүн

Терi

5-тарап: Фармацевтика өндiрiсi

Шөптерден табиғи дәрiлер жасау

Фосфор

мұнай қалдықтарынан препараттар жасау

6-тарап. Құрылыс индустриясы

Пенобетон

Кiрпiш

Электродтар

Цемент

Шлактан синтетикалық заттар жасау

Ағаш өңдеу

7-тарап: Химия индустриясы

Коллойд

Фосфор-азот-калий

Күкiрт қышқылы

Фарфор

Бактерицидтiк құрамы бар заттар

Мотор майлары

Кальций содасы

Фосфор қышқылы

Машина құрастыру

Мелиоративтiк құрал

Линтерлiк аралар

8-тарап: Қуат алмастырушы аппараттар

Күн энергиясынан қозғалтқыштар

Металлургия индустриясы

Марганец, агломерат

Карбид, кальций

Цинктiк рудадан ферроцилиция

Фосфогипс

Түрлi-түстi металдар

Алтын

Уран

9-тарап: Туризм/Қызметтер

Түркiстан

Отырар

Сауран

Сайрам

Машат

Ақсу-Жабағылы

Қасқасу таулары

10-тарап: Нанотехнология

Күн энергиясынан қуат алатын құралдар

Биогаз

Ауыл шаруашылығына арналған инновациялық аппараттар

Мал тұқымын асылдандыру.

Осы көрсетiлген он тараптың әрқайсысынан бөлiнген әрбiр сала бойынша дамыған елдер тәжiрибесiн пайдаланатын болсақ, көп мәселеден ұтамыз. Әлемдiк деңгейдегi мамандарды жинап, жан-жақты сараптама жүргiзгеннен кейiн жоқ дегенде әрбiр орныққан компания үш жоспар бойынша жұмыс атқаруы тиiс. Бiзге жаңа нұсқалар ойлап табудың қажетi жоқ, экономикасын жылдар бойы жетiлдiрген елдер тәжiрибесiн өз өлкемiзге бейiмдей бiлсек жеткiлiктi. Заманауи технологияны игерген компаниялар Стратегиялық жоспар, Бағалау жоспары, Iске асыру жоспарларын (Strategic plan, Evaluation plan, Implementation plan) шебер жетiлдiре бiлсе, эволюциялық жолмен жанданушы едiк. Бұл Оңтүстiк Кореяда сыннан өткен сәттi тәжiрибе. Кәрiстер алдымен ғылымды дамытып, жан-жақтан инвестиция тартты. Жиырма бес жылдың iшiнде ғылымды жолға қойып, тағы он бес жылда ең кедей мемлекеттен әлемдегi ең бай жиырма ел қатарына ендi. Қазiр олар кеме жасау, көлiк шығару, электроника салалары бойынша әлемде алдыңғы ондықта.

Бiздiң «ақша жоқ» деген сылтауымыз бар. Бұл сылтауды айтқызбаудың жолын АҚШ әлдеқашан шешкен. Олар кез келген еңбектi немесе ғылыми жұмысты табыс көзi етудi жолға қойған. Мысалы, Калифорнияда Девис университетi ауыл шаруашылығы саласына арнаған зерттеулерiн жасап, өз өнiмдерiн университет iшiнде емiн-еркiн сата бередi. Осылайша, олар «бiр оқпен бiрнеше қоян» атады. Бiрiншiден, ғылыммен айналысып, жаңалық ашады, екiншiден, қызыққан өнерiн терең зерттеп, бәсекелестiктi күшейтедi, бәсеке, сапа мен бағаны тұрақтандырады, үшiншiден, өнiмiн сатып, пайда табады. Бiзге олай жасауға не кедергi? Билiк өкiлдерi халыққа қызмет етушiлер, халықтың талап-тiлектерiн орындаушылар. Талап қоя алмаған адам жалақысының аздығына да арыздана алмай iштей қажып, қан қысымы көтерiлiп, ажалынан бұрын көз жұмады. Сауатын ашып, бiлiктiлiгiн шыңдауға әрбiр азаматтың өзi мүдделi.

Сонымен Оңтүстiк өлкесiн дамытудың он тарабының ең қарапайым бiрнеше жолын қарастырдық. Бұлардың бәрi де әлемдiк тәжiрибеде сынақтан өткен тәсiлдер. Мысалы:

1. «Дөңгелек үстел» мәжiлiсiн өткiзу жобасы.

«Дөңгелек үстел» мәжiлiсiнде әкiмдiк өкiлдерi, орта-шағын кәсiп өкiлдерi, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi бас қосып, екi айда бiр рет кәсiпкерлiктi дамыту жолындағы кедергiлердi жою диалогын жүргiзiп отырады. Әкiмдiк өкiлдерi, кәсiпкерлердiң, фермерлердiң және ғалымдардың проблемалары мен арыздарын көпшiлiк алдында шешуге тырысады. Барлығы бiр үстел басында жиналғандықтан өнiмдiлiк артады.

 

2. Кәсiпкерлiкке үйретудi мектептен бастау қажет.

Ғалымдар қоғамға өзгерiс енгiзгендердiң көпшiлiгi мектепте қиялшыл болған балалар екенiн айтады. Әлеуметтанушылар арнайы зерттеу нәтижесiнде өнертапқыштардың көбi мектеп оқушылары екенiн анықтаған. Барлығы бала арманынан басталады деп түсiндiредi мамандар. Технология мен ғылым дамып, о баста бала қиялынан туындаған Гарри Поттер, Аватар, Диснейленд секiлдi миллиардтаған табыс әкелген дүниелердi көзбен көрiп жүрмiз. Санасы арман мен қиялға толған мектеп жасындағы бүлдiршiндер кәсiпкерлiктi дұрыс меңгерсе, қазақта мiндеттi түрде жаңа буын өнертапқыштар пайда боларына күмән жоқ. Кәсiпкерлiктi оқыту үшiн арнайы сағат ашудың да қажетi жоқ, бүгiнгi күнi маңыздылығын жоғалтқан еңбек пәнi секiлдi пәндердiң орнын ауыстырса жетiп жатыр.

 

3. Тегiн салық төлеу қызметi немесе шағын және орта бизнестi салықтан босату.

Өз тәжiрибемнен түйгенiмдi ортаға салсам. Кәсiпкерлiк курсынан өтiп жүрiп, бiрге оқып жүргендерге бейресми сауалнама жасадым. Елу адамның отыз бесi жеке кәсiп ашпау себебiн салық төлеу уақытын өткiзiп алып немесе салықты дұрыс тапсырмай, соның салдарынан салынатын салық органдарының айыппұлдарынан қорқатынымен байланыстырды. Есепшi жалдауға ақшасы жетпейдi. Сол себептi жаңа кәсiпкерлерге мемлекет тарапынан бiр жыл тегiн салық көрсету қызметi қолға алынса, кәсiбiн бастаушылардың саны екi есе артуы мүмкiн. Қытай орта-шағын бизнестi салық төлеуден босатуды қолға алды.

 

4. Фермерден – фермерге.

Фермерден – фермерге жобасы (Farmer to Farmer) АҚШ-та өте сәттi жобаға айналып, фермерлердiң жұмысын өркендеттi. Кез келген азамат фермерлiкпен айналысқысы келсе, жергiлiктi әкiмдiкке сауалын жолдайды. Мысалы, «қой баққым келедi, бiрақ терi мен жүндi қалай өңдеудi бiлмеймiн, көмек қажет» деген сияқты. Жергiлiктi әкiмдiктегi фермерлерге қызмет көрсету департаментi мамандары зерттеу жасап, әлемде терi мен жүн өңдеуден табысқа жеткен компанияны тауып, жаңадан кәсiп бастаған фермер екеуiн жалғайды. Тәжiрибелi фермер өз шеберлiгiн Скайп немесе басқа да байланыс көзiмен жаңа фермерге жолдайды. Солайша тәжiрибе бөлiсу арқылы бүкiл мемлекет қана емес, әлем фермерлерi бiр-бiрiмен жалғанып, көркейiп кеттi. Дәл осы жобадан бүгiнгi таңда Интернеттiң қажеттiлiгi электр қуатының қажеттiлiк деңгейiне жеткенiн аңғаруға болады. Интернет желiсiне қосыла алмаған қоғам орта ғасырда қалып қойған қоғам iспеттi.

 

5. Бизнес-инкубаторлар ашу.

Лос-Анджелес қаласының энергетика департаментi бизнес-инкубатор аштық деп Оңтүстiк Калифорния студенттерiн таныстыруға шақырды. Бардық. Жалпы көлемi 1000 шаршы метрден тұратын үлкен ғимарат. Әр бөлмесi жаңа инновациялық технологиялармен жабдықталған. Қаланың энергия саласындағы бизнес өкiлдерiнiң көбiсi сол жерге жиналып, өз жобаларын әкiмдiк өкiлдерiмен бiрiгiп талқылайды. Жаңа жоғары технологиялық құралдарды эксперименттен өткiзiп көредi. Қуат көзiн күннен, желден немесе қандай да бiр таза әрi арзан жолын тапқан кәсiпкер нарықты жаулау мүмкiндiгiне ие болып, табысқа кенеледi.

Энергетика департаментi көп департаменттiң бiрi ғана. Әрбiр басқармасы өз алдына орта-шағын кәсiпкерлермен қала мен өңiрдi дамыту бағытында бизес-инкубатор ашып, сол жерге бiлiктi мамандар тартып, инновацияны зерттеуден өткiзiп, күнде жаңа жобаларды өндiрiске енгiзiп жатады.

Ал, бiз ше? Бiз тендердiң «откатымен» әлекпiз. Әрбiр университет немесе басқарма өз зерттеу орталықтарын ашып, кәсiпкерлермен бiрiгiп жұмыс iстесе, өңiрiмiз өте жылдам мерзiмде-ақ өркендеп шыға келер едi. Барлық бай-қуатты елдердiң тарихына көз салсаңыз, экономикасын алдымен ғылымды реттеп барып көркейткен. Мысалы, Лос-Анджелес – жер сiлкiнiсi жиi болатын аймақ. Сол қаладағы 100 қабатты зәулiм ғимараттардың әрбiр шаршы метрi нақты дәлдiкпен есептелiп соғылмаса, әлдеқашан қопарылып түсер едi. Бiр Калифорнияның фермерлерi топырақтың құнарлылығы мен климат ерекшелiгiн, ондағы жел, жауын, зиянды жәндiктердi жоюды алдын-ала зерттеп, лабораториядан өткiзiп тексермесе, бүкiл АҚШ-тың тең жартысын жемiс-жидекпен қамтамасыз ете алмас едi. Сол секiлдi бiзге де бизнес-инкубаторлар, зерттеу орталықтарын ашып, өңiрiмiздiң нақты проблемасын шешуiмiз қажет. Ол жердегi арнайы лабораторияларда кез келген өндiрiс мүмкiндiктерiн жете зерттеп, қолданысқа енгiзгенiмiз дұрыс. Ғылымға бөлiнген қаржыны жымқырған шенеунiктiң соңына шам алып түсiп, қоғамнан аластатпасақ ұрпағымыз Қытайға сонда құл болады.

Негiзi зерттеу жұмысымен университеттер айналысуы қажет. Өкiнiшке қарай, бiздiң университеттерден «ақша жоқ, маман жоқ» деген сылтауларды ғана естисiң. Соңғы үш жылда АҚШ-та жергiлiктi әкiмдiк пен университеттер арасындағы экономика өркендетушiсiнiң керемет факторы болатын достық қатынасты көрiп, кейбiр жобаларына қатыстым. Бiзде сондай маңызды байланыстың жоқтығынан көп жағдайда қыруар қаражат құмға сiңген судай болады немесе тiптi игерiлмей жатады. Бұл тығырықтан шығудың да жолы қарастырылған. Соның бiрi – жергiлiктi университеттердiң сапасын көтеру.

 

6. Жергiлiктi университеттер әлемдiк университеттермен тығыз тәжiрибе алмасады.

Облыстың нақты мәселелерiн шеше алмаған университеттердiң не керегi бар? Мақтамыз бар, сапасы жоқ. «Алтын Адам» бренд костюмiмiздiң матасы Түркиядан келедi. Жылына бес мың тонна жүндi қоқысқа тастаймыз. Терi тиын тұрады. Бос жатқан жерлердi Қытай қанша тұрса да сатып алам деп ақшасын ұсынып отыр. Осыдан басқа да нақты мәселелердi тиiмдi шешу жолдарын университет ғалымдары билiкке ұсына алмаса оның несi ғылым?

Қарапайым мысал, АҚШ-тың екiншi үлкен қаласы Лос-Анджелес әкiмдiгiнiң өкiлдерi Оңтүстiк Калифорния университетiнiң магистрлерi мен профессорларына арнайы тапсырыс бередi. Әрбiр магистр қаланың қыр-сырын зерттеп, есебiн шығарып, жаңа жоба ұсынады. Ең үздiк жоба мiндеттi түрде қолданысқа енедi.

Бiздiң университеттердiң оған бiлiктiлiгi жетпесе, әлемдiк университеттермен байланыс орнатып, тәжiрбие алмасуға не кедергi?

Бұл жобаға «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан студенттердi пайдалануға болады. Мысалы, мен Оңтүстiк Калифорния университетi мен Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi арасын байланыстыруға дайынмын. Қазiр бiр АҚШ-тың өзiнде мыңнан аса болашақтықтар 200 үздiк университетте оқып жатыр. Болашақ бағдарламасының студенттерi барлық дамыған елдердiң үздiк университеттерiнде бiлiм мен тәжiрибе жетiлдiрiп жүргенiн ескерсек, керемет мүмкiндiктiң бар екенiн ойлағанымыз жөн.

 

7. Бiр отбасы – бiр цех.

Соңғы он бес жылда экономикалық өсу қарқыны АҚШ-тан да озған Қытайдың бiр тәсiлiн бiзге бейiмдеуге болады. Қытайда бiр отбасы бiр цех ашып, әлемдiк брендтердiң бәрiн өздерi ғана шығарып қоймай, сырт елге де сатып, экономикалық революция жасады.

Аймағымыздың әр ауданының климат ерекшелiктерi әртүрлi. Әр ауданда атам заманнан берi қалыптасқан диқаншылық немесе мал шаруашылығы мектептерi үзiлмей жалғасып келе жатыр. Мысалы, Түркiстан мен Шәуiлдiр қауын мен қарбыз мекенi. Түлкiбас пен Қазығұрт алма мен өрiктiң өлкесi. Сайрам сауда орталығы, тағысын тағы. Ауылды жерлерде субсидияға әбден үйренiп алғандар өнiмдi жаңартып немесе түсiмiн арттырып отырған жоқ, әйтеуiр өлместiң күнiн кешiп жүр.

Бюджеттен бөлiнген көп қаражатпен iске қосылған үлкен зауыттар аяққа тұра алмауда. Үлкен зауыттың бiр бөлiгi iстен шықса мыңдаған адам бiр күнде жұмыссыз қалады. Сондықтан қыруар қаражатты үлкен зауыт салуға бөлмес бұрын, әрбiр еңбекқор отбасына бiр цех ашып беру керек. Үкiметтен берiлетiн субсидияларды атадан балаға ата кәсiп етiп келе жатқан барлық шаруаларға техника алуына жететiндей, тегiс үлестiрген жөн. Одан бөлек, әрбiр аудан орталығына жаңа зерттеу орталықтарын ашып, өнiмнiң сапасы мен жаңа мүмкiндiктердi iске асырып көруге болады. Мысалы, Созақтың қауынын пiскен бойда сатуға тырыспай, одан мармелад жасау технологиясын iске асырсақ, екi есе көрiп отырған пайдамыз жетпiс есеге ұлғаяды. Терi мен мақта өнiмi пайдасын қазiргiден жетпiс есе көтеруге мүмкiндiк бар. Тек зерттеу орталықтарына инвестиция тарту қажет. Бiз терi, мақта, жүн өнiмдерiн жерден қазылып алынатын шикiзат сияқты өте арзан бағамен сыртқа сатып отырмыз. Мәселен, елде жыл сайын шамамен 100 мың тонна мақта талшығы өндiрiледi, оның 90%-ы экспортталады. Бүгiнгi күнi Оңтүстiк Қазақстан облысында 15 мақта өңдеу зауыты бар. Бұл зауыттардың бәрi де энергия қуатын көп қажетсiнедi, мұнда шығарылатын мақта талшығының сапасы төмен. Сосын бұл кәсiпорындарға шикiзат жетiспейдi. Толық қуатында жұмыс iстеген кезде отандық кәсiпорындар мақта талшығы жалпы көлемiнiң 30%-на дейiн өңдей алар едi. Оның үстiне ҚР Президентiнiң 2005 жылғы 6 шiлдедегi №1605 Жарлығы бойынша «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағының құрылуы бұл өңiрдiң қарқынды дамуына септiгiн тигiзуi керек.

Оңтүстiк Үндiстанда әрбiр отбасы бiр биогаз құралын пайдаланып, үйiнен түзге шыққан адам нәжiсi мен мал қиынан газ бен электр қуатын тегiн алып отыр.

Ал, бiздiң фермерлер сиыр малағын далаға төксе, жылыжайда көкөнiс өсiрушiлер пайданың бәрi газ төлемiне кеттi деп шағымданады. Неге сол Үндiстан мамандарын шақырып, үйден шыққан нәжiс пен қорадан шыққан малақтан газ бен жарықты өз қолымызбен өндiрмеймiз? Мен үндiлермен сөйлестiм, «шақырсаңдар барып, бәрiн үйретемiз» деп отыр. Атамыз қазақ «Құдайдың бергенiн пайдаланбаған адамды Құдай ұрған» дейдi.

Жоғарыда айтылған «Он тарапты» назарда ұстап, жүйелi жоспар құрғанда экспорттық әлеуетi зор елге айнала аламыз, тек ниет пен қажыр-қайрат қана қажет.

 

Дархан Жиенбай,

Оңтүстiк Калифорния университетiнiң магистрi (АҚШ)

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер