Показать содержимое по тегу: актуаль
Елордада 28 қазан мен 28 желтоқсан аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған коронавирусқа қарсы егілген зейнеткерлер Қазақстан шипажайларына тегін жолдамалар ала алады. Ұтыс ойыны 29 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
А.ж. 22 желтоқсанда ҚР Ұлттық музейі Ғылыми кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың «Балуан тас. Балуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)» атты екі томдық авторлық-жинақ кітабының тұсаукесері өтеді.
ҚР Ұлттық музейі Ғылыми кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың «Балуан тас. Балуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)» атты екі томдық авторлық-жинақ кітабының тұсаукесері болып өтті.
Елордада тұрғындарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау қарқыны артып келеді. Қала бойынша барлығы бірінші компонентпен халықтың 67,8% вакцинацияланды. Ерекше белсенділік жасөспірімдер арасында байқалады, деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасында.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қалада қоғамдық тәртіпті нығайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.