Кітапқа қазақ халқының балуандары мен күрес өнеріне қатысты аңыз-әфсаналары, қисса-дастандары, ел аузындағы әңгімелер, кейбір жекелеген тарихи деректер енгізілген. Басты мазмұнды аты аңызға айналған алапат күш иелері мен олардың балуандық жолындағы тосын хикаялары мен оқиғалары, шешендік сөздерінің шоғыры құрайды. Мұнда қазақша күрес пен жекпе-жек дәстүрі көшпенді қоғамның азаматтық құндылықтары тұрғысынан қарастырылған.
Кітап жаңалығы – ұлттық спорт пен дегдарлық мәдениет туралы жаңа көзқарас қалыптастырады. Сонымен қатар баяндалған оқиғалардың танымдық-патриоттық тұрғыда маңызы аса зор.
Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, Қазақстан барысы Ержан Шынкеев, «Нұр-Сұлтан» қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысы Дәурен Бабамұратов және басқа да танымал тұлғалар, эстрада жұлдыздары, білім-ғылым, БАҚ және спорт саласы өкілдері қатысады деп күтілуде.
Кітап түркістандық «Балауса» шаруақожалығының басшылары Мамырайхан Қалназаров пен Мейірхан Қалназаровтың демеушілігімен жарық көріп отыр.