Показать содержимое по тегу: Қаржы
Қазір қазақстандық азаматтардың екінің бірінің мойнында несие бар десек, асыра айтқанымыз емес. Мүмкін ол ақшалай алған несие, бәлкім тұрмыстық зат, автонесие, ипотекалық несие, киім-кешек, әйтеуір, бір несиенің бары анық. Әрине, ақыл-есі дұрыс адам несиені өзінің мұқтажын, қажетін өтеуге қарай алатыны кәміл. Ал банктер өз кезегінде жеке тұлғаларға несие беруде қаншалықты адал, қаншалықты заң шеңберінде әрекет етіп отыр? Білеміз, алған несие үстіне қосып төлейтін проценттер жоғары, оған несиені рәсімдегені үшін алынып қалынатын бір реттік комиссияны қосыңыз. Осымен, шаруа бітсе қалай, жоқ, әсте олай емес екен. Қазақстан азаматтарын экспресскредит, авто, ақшалай және ипотекалық несиелерде банктердің тонап жатқанын ілеуде біреуі ғана білсе, көбісі білмейді. Бүгін біз осы мәселені барымызша сараптап көрелік.
Роберт Кийосаки бай болатын адамның ақшасын көбейтер активтерді, ал кедейлер мен орта таптың өздері актив деп санайтын пассивтерді сатып алатынын айтады. Осы актив пен пассивтің айырмасы неде? Үлкен бизнес бастауға мүмкіндік болмаса, тіпті миллиондаған байлықты емес, өз-өзіңізді толықтай қамтамасыз етуге жететіндей жағдайға жеткіңіз келсе актив пен пассивтің айырмасын білу шарт.
Соңғы бес жылда СҚО орталығында жаңажылдық шыршаны орнатып, безендіруге 100 миллионға жуық теңге бағытталып, құмға сіңген су сияқты із-түзсіз кетіпті. Ал аудандар мен елді мекендерде жұмсалған шығындарды есептейтін болсақ, қайтарымы жоқ қаражаттың еселене түсері анық, деп хабарлайды egemen.kz.