Показать содержимое по тегу: Шымкент
Шымкентте атышулы үйлену тойын ұйымдастырушылар қымбат торт жас жұбайларға сыйлық ретінде жасалғанын айтты, деп хабарлады Today.kz.
Ақтаулық дәрігер Нәдірқожа Мұсаев ұшақ бортында жолаушыны ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын бірлесе жүзеге асыруға шақырды, деп хабарлайды silteme.kz.
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 1543,3 шақырым жол мен 19 көпірдің жөндеу жұмыстары басталған болатын. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде былтыр өңірде 762,2 шақырым жол мен 19 көпір ел игілігіне тапсырылды. Ал қалған 781,1 шақырым жол биыл пайдалануға берілетін болады. Аталған мақсатқа облыстық бюджеттен 27 млрд. 269,2 млн. теңге бағытталса, облыстық маңызы бар 51 нысанға 6,5 млрд. теңге, аудан, қала әкімдіктеріне 417 нысанға 9,8 млрд. теңге және Шымкент қаласының 112 нысанына 10,9 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.
ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен 2 мыңнан астам азамат жеке кәсібін ашқан
«ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегі негізінде ағымдағы жылы 2 мыңнан астам кәсіпкер жеке кәсібін бастады. Нәтижесінде 3600 жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Ғани Өмірзақов мәлімдеді, деп хабарлайды облыстық әкімдік баспасөзіне сілтемемен silteme.kz.