Шымкентке ұшып бара жатқан ол кенет медицина қызметкерін іздеп, көмекке шақырған бортсеріктің дауысын естиді. Cөйтсе келесі салонда отырған келіншектің қан қысымы төмендеп, талып қалыпты. Әуе көмесіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған құралдарды пайдалана отырып, ес-түссіз жатқан әйелге көмек көрсетеді. Шымкент әуежайында күтіп алған әріптестеріне жолаушыны дін-аман тапсырады. Қызмет өтілі 30 жылдан асқан Нәдірқожа Мұсаев бұған дейін де қызметінен тыс уақытта бірнеше рет адам өмірін арашалап қалған екен.
Дәрігер Шымкентке бет алған ұшақ бортында жолаушы өмірін сақтап қалды
Ақтаулық дәрігер Нәдірқожа Мұсаев ұшақ бортында жолаушыны ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды 24.kz.