тәрбие

Показать содержимое по тегу: тәрбие

Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес

1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.

8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.

10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.

12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.

13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.

Алайда бала тәрбиесінде кемшіліктер жіберіп отыратынымыз анық.

Опубликовано в Дін

Келін – бір елге жаңадан келген басқа үйдің жас баласы. Тіптен оның жасы ересектеу болса да ол босаға аттамағандықтан, көңілі бала кейпінде. Сондықтан жаңадан келген отбасы мүшесіне қамқорлықпен қарау, ішке тарту қажеттігін естен шығармау керек. Осыған байланысты мынадай бір тәмсіл әңгіме бар.

Опубликовано в Руханият

Әрбір ата-ана баласының білімді, өнерлі, жан-жақты болғанын қалайды. Бала сөз түсінетін жасқа жетісімен, ата-ананың алдында «Баланы қандай үйірмеге береміз?», «Баланың қабілеті бар-жоғын қалай анықтаймыз?» деген үлкен міндет тұрады. Бір балаға Жаратқанның сыйы дарып, тума талант екендігін бірден байқатып жатса, енді біреуі бар дарыннан мақұрымдай көрінеді. Бұл жағдайда кейбір ата-ана «Ондай қабілет біздің жеті атамызда болмаған, бұл балаға қайдан беріле қойсын» деп жабулы қазанды жабық күйінде қалдыра салады.

Опубликовано в Әралуан

Ағаштың түрі мен оның тіршілігі жалғасу үшін тұқымы қаншалықты маңызды болса, адамзаттың тіршілігі  мен ұрпақ жалғастығында баланың рөлі  маңызды.  Кез келген халықтың болашағы, оның өміршеңдігі ұлттық болмысы мен ұлттық рухы кемелденген, жақсы тәрбиеленген ұрпақтардың қолында.  Бала тәрбиесіне, сөз жоқ, ең бірінші ата-ана жауапты. «Біздің сұхбаттың» бүгінгі қонағы «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығының жетекшісі, коуч-тренер Елжас Ертайұлы.

Опубликовано в Сұхбат

Қазақ әйелдері барған үйіне құр қол келмейді. Сол сияқты қонақты да бос қол жібермейді, сый-сияпат ұсынады.

Опубликовано в Руханият
Страница 2 из 6

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер