заң

Показать содержимое по тегу: заң

Павлодар қаласының полициясы әлеуметтік желілерде экстремистік мазмұндағы жазба жариялады деген сезікпен жергілікті тұрғынның ұсталғанын хабарлады, деп жазады azattyq.org.

Полицияның мәліметінше, 21 жастағы Ж. есімді тұрғы 10 сәуірде жүргізілген рейд кезінде ұсталған. Ол әлеуметтік желі және мессенджер арқылы терроризм мен діни экстремизмді насихаттады деген күдікке ілінген. Күдікті сот санкциясы бойынша екі айға қамалған.

Өткен жылдың соңында Павлодар соты жергілікті тұрғынды "трансұлттық қылмыстық топ құрды" және "алауыздық тудырды" деп айыптап, алты жылға соттаған. Сотталушының ұсталуына оның "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде "исламшыл роликті" екінші қайта жариялауы себеп болған.

Опубликовано в Құқық-заң

Қостанай тұрғыны полицияға арызданып, жергілікті балабақшалардың бірінен моральдық шығын талап ететінін айтқан, деп хабарлайды stan.kz.

Шағым берушінің айтуынша, 2016 жылдың 30 қарашасында тәрбиешінің көмекшісі оның қызына физикалық және психологиялық қысым көрсеткен. Оның шағымынан соң азаматша әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Оқиғадан соң қыз балабақшаға баруға барып қорқып қалып, жиі жылайтын болыпты. Қызын күнде кешке алып қайтатын әкесі оның бойынан мазасыздықты байқайды. Тәрбиешілер болса өзге ата-аналарды қыздың әкесіне қарсы қойған. Ал оны “ватсап” желісіндегі ортақ чатта “сатқын” деп атапты.

Сот отырысы кезінде шағым берушінің 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап 2017 жылдың ақпан айына дейін жауап беруші тарапынан психологиялық қарсылыққа ұшырағаны анықталды. Сот әкенің шағымын қанағаттандырып, балабақшаны 101 мың теңге төлеуге міндеттеген.

Опубликовано в Құқық-заң

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусин 400 мың теңге парамен ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz.

Опубликовано в Құқық-заң

Қазақстанда рақымшылық заңын жүзеге асырудың негізгі сатысы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Опубликовано в Құқық-заң

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Антикоррупциялық қызметке қатысты істерді тергеуге құқық беру ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Опубликовано в Құқық-заң
Страница 4 из 10

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер