Қостанай тұрғыны қызын ренжіткен балабақшадан 100 мың теңге өндіріп алды
14.04.2017, 16:08

Қостанай тұрғыны қызын ренжіткен балабақшадан 100 мың теңге өндіріп алды

Қостанай тұрғыны полицияға арызданып, жергілікті балабақшалардың бірінен моральдық шығын талап ететінін айтқан, деп хабарлайды stan.kz.

Шағым берушінің айтуынша, 2016 жылдың 30 қарашасында тәрбиешінің көмекшісі оның қызына физикалық және психологиялық қысым көрсеткен. Оның шағымынан соң азаматша әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Оқиғадан соң қыз балабақшаға баруға барып қорқып қалып, жиі жылайтын болыпты. Қызын күнде кешке алып қайтатын әкесі оның бойынан мазасыздықты байқайды. Тәрбиешілер болса өзге ата-аналарды қыздың әкесіне қарсы қойған. Ал оны “ватсап” желісіндегі ортақ чатта “сатқын” деп атапты.

Сот отырысы кезінде шағым берушінің 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап 2017 жылдың ақпан айына дейін жауап беруші тарапынан психологиялық қарсылыққа ұшырағаны анықталды. Сот әкенің шағымын қанағаттандырып, балабақшаны 101 мың теңге төлеуге міндеттеген.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер