Бүгін Мусин 400 мың теңге парамен ұсталды
31.03.2017, 13:02

Бүгін Мусин 400 мың теңге парамен ұсталды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусин 400 мың теңге парамен ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz.

 «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусиннің мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мүддесін лоббилеу үшін жүйелі түрде пара алғандығын анықтады», - деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Бүгін, яғни 31 наурызда, Б.Мусин кәсіпкерден 400 мың теңге көлеміндегі параның кезекті бөлігін алу барысында ұсталды. Ол Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамауға алынды.

Параның жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құраған.

«Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің мәліметінде.

 

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер