Түркістан

Показать содержимое по тегу: Түркістан

Еліміздің рухани астанасы саналатын Түркістан қаласына өткен жылы зиярат етіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді тамашалауға 1 090 755 азамат келген. 2016 жылы бұл көрсеткіш 1 015 088 болғанын ескерсек, зиярат етіп келушілердің саны 75 667-ге артқанын аңғаруға болады. Оның 18 мыңы шетелдік туристер. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Ғани Искаков мәлімдеді, - деп ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

Опубликовано в Руханият

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласының активіне Президент әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Сонымен, облыс əкімінің өкімімен Түркістан қаласының әкімі болып Тәжібек Қалманұлы Мұсаев тағайындалды, деп хабарлайды облыстық баспасөз қызметіне сілтемемен silteme.kz АА.

Опубликовано в Қоғам

Бұл сөздің айтылып жүргеніне біраз уақыт болды. Бірақ, нақты шешім шыққан емес. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, желдің қай тұстан шығып жүргенін қайдам, бірақ анау-мынау қауесетті он орап алатын бұл әңгіменің ара-тұра айтылып қалатыны рас. Жалпы, Түркістанды облыс орталығы еткісі келетіндер мен алақандай ауданға ондай мәртебені қимайтындардың қайшыласқан пікірі қай кезде де қатар жүретіні – заңдылық. Бірі екі дүние есігі, ер түріктің бесігі саналатын киелі қаланы «облыс орталығы болуға лайық» деп санаса, енді бірі оның өңір орталығында емес екенін алға тартып, шалғайдағы аудандар одан сайын алыстап кететінін айтады. Бүгін-ертең облыс орталығын көшірейін деп жатқан ешкім жоқ, десек те осы бір қызу пікірталасқа сұранып тұрған тақырып төңірегінде айтылатын әралуан сөздерді реті келгенде біз де салмақтап көруге тырыстық.

Рас, күллі мұсылман халқы үшін киелі саналатын Түркістан-ның танымалдылығына талас жоқ. Арғы тарихы Шауғар, кейіннен Яссы, ал бүгін Түркістан деген атымен әлемге танылған көне қалаға алыс-жақыннан ат шалдырып келетіндер де аз емес. Осы тұрғыдан алғанда, егер Түркістанды облыс орталығы етер болсақ, оның көркейіп-көріктенуіне де кең жол ашылар еді. Бұл – бір. Екіншіден, қанша дегенмен облыс орталығы деген статус берілсе, көптеген мемлекеттік мекемелерді орналастыратын жаңа ғимараттар бой көтеріп, заманауи құрылыстар да қарқын алар еді. Білетіндер бұған дейін төбесі көк тіреген зәулім үйлердің Түркістанда салынбауын қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен биік тұратын ешқандай нысан болмауы керек деген пікірмен түсіндіреді. Кім білсін, бірақ ел экономикасы еңсе тіктеген кешегі күнге дейін басқа қалаларда да көп қабатты үйлер сирек салынды емес пе? Биіктігі аспанмен таласып тұратын 9-10 қабатты үйлер тек ел астанасы сияқты үлкен қалаларда болмаса, шағын қалалардағы жаңадан салынып жатқан үйлердің барлығы дерлік төрт-бес қабатпен шектелетін. Енді, міне, Түркістанның өзінен төбесі көк тіреген 9 қабатты екі үй салынып, таяуда тұрғын үй ретінде пайдалануға берілді. Әрине, Түркістан үшін қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің орны бөлек. Яғни, ол екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Сол себепті де қасиетті қаланың төрінде Әзірет Сұлтан мұражайы тұр.

Ал, жаңадан салынып жатқан үйлер қаланың кіреберісіндегі мөлтекаудандардан бой көтеруде. Бәрі де бүгінгі архитектуралық талап үдесінен шығатындай өзара үндесіп жатыр.

Бастапқы тақырыпқа қайта оралатын болсақ, Орта Азияның кіндігінде жатқан Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, ел астанасы етуге де лайық көретіндер бар. Тәуелсіздіктің елең-алаңында ел астанасын көшіру туралы Елбасымыз Н.Назарбаев бастама көтергенде қазақ елінің Ордасы болуға лайық қалалардың бірі ретінде Түркістанның да аты еміс-еміс естіліп қалғаны жасырын емес. Алайда, қазақ елінің Астанасы орталықтан болуы керек екенін ескерген Елбасы ақыры Ақмола қаласын таңдады. Онысы өте дұрыс шешім болғанын бүгінде ел айтып жүр. Есіл өзенінің бойынан бүкіл ел тамсанып қарайтындай қала салынады дегенге кім сенген...

Түркістанды облыс орталығы еткісі келетіндердің тағы бір алға тартатын тұсы – оның сауда-саттық орталығы ретінде жақсы жолға қойылғандығы. Ар жағындағы Қызылорда халқы негізінен осы Түркістанға келіп сауда жасайды. Күні-түні үзіліссіз жұмыс істейтін базары бар. Яғни, келім-кетім көп. Барыс-келіс пен алыс-беріс бар жерде қала өздігінен дами беретіні белгілі. Оған облыс орталығы деген мәртебе берсек, онсыз да тіршілігі қыз-қыз қайнап жатқан рухани астананың әлеуеті артып, аз уақыттың ішінде адам танымастай болып дамып кетер еді.

Ал, енді әр нәрсенің жақсы жағымен бірге жаман тұстары да қатар жүреді дегенді ескерсек, бұл бастамадан анау айтқандай зиян шегетіндер көрініп тұрған жоқ. Егер елдегі үшінші қала болудан үмітті Шымкент облыс орталығы деген аттан айырылып қалса, қолы біраз қысқарып, келім-кетімі де әжептәуір азайып қалады деп алаңдайтындар болса, оған бола сары уайымға салынудың жөні жоқ. Айталық, Алматы қаласы облыс орталығы болмаса да, жыл өткен сайын көркейіп, үлкен мегаполис ретінде танылып келеді. Сол сияқты Шымкент те өз алдына енші алып шықса, бүгінгідей шым-шытырық мәселеден біраз арылып, өз бетінше дамып, елдегі үшінші қала ретінде еңсе тіктеуіне жол ашылады емес пе?! Қайта бірер құжатқа бола алыс аудандардан ат арытып келетін адамдардан біршама тазарып, есесіне көшедегі көлік кептелістері де азайған болар еді. Сондай-ақ, «облыстық» деген аты бар басқармалар мен департаменттер, түрлі мекемелер көшіріліп, қала тынысы кеңейіп қалады. Көшіріліп демекші, аталмыш басқарма-департаменттермен бірге мүйізі қарағайдан біраз басшы-шенеуніктер де өкше көтеруге мәжбүр болады. Бұл, әрине, оларға ұнамаса керек. Кім жасыл-желекті қаладан ірге үзгісі келеді дейсіз? Оның үстіне әбден бауыр басып қалған қаласын көзі қиып кете қоюуы да қиын-ау. Осы тұста Елорданың Алматыдан Ақмолаға көшірілген жылдары еріксіз еске түседі. Сол жылдары да біраз шенеунік әсем Алматыны қимай қиналған еді. «Талай қазақ көшіп барады Ақмолаға, Ақмолада басыңа бақ қона ма?» дегендей, қоғамдағы қозғалыс әр нәрсені жүрегімен қабылдайтын ақын-жазушылардың қаламы арқылы өлең болып өріліп жатты. Бірақ бүгін бәрі басқаша. Масасы маза бермейтін Ақмолаға да үйренді.

Егер алда-жалда айтқанымыз келіп, облыс орталығы Түркістанға көшірілетін болса, онда оның «минус» жағы тек осынау ақ жағалылырға ғана жағымсыз әсер етуі мүмкін. Онда да уақытша...

Аман Жайымбетов

Дерек көзі: www.korr.kz

Опубликовано в Саясат жүзі

Бірде Шығыс Қазақстан облысында тұратын құрбым хабарласты. Әңгіме барысында, «Осы бізде Түркияға жиі барғанымен Түркістанды көрмеген қазақтар жеткілікті. Ішкі туризм тұралап тұрғанда, діни туризм туралы айтып қайтейін» деді таусылып. Өзі жақында Түркістанға барып келіпті, Арыстанбабтың басын барып түнеп, Отырар қаласының орнын аралапты…  Алған әсері ұшан-теңіз…

Рухани туризмнің дегеніміз аты айтып тұрғандай, рухани бағыттағы саяхаттың түрін айтады. Оның екі тармағы бар. Атап айтқанда, алдыңғысы – зиярат ету болса, екіншісі – танымдық туризм. Діни туризмнің отаны – Израиль деп айтуға болады. Осы жердегі ислам, христиан және иудей діндерінің шығу тарихына, қасиетті кітаптардағы ірі оқиғаларға қатысты орындар миллиондаған туристер үшін тартымды болып отыр. Адамдардың сеніміміне қарай, Тибет, Непал, Қасиетті Афон сонымен қатар Индия, Италия, Греция секілді мемлекеттер діни туризмнің ірі орталықтары қатарында саналады.

Іргеміздегі Ресей Федерациясы да діни бағыттағы басты маршруттарын анықтап, туристердің сұранысына қарай жұмыс істеуде. Зиярат етушілер Санк-Петербургтегі «Свято-Троицкая, Александро-Невская лаврлары» Калуга облысындағы Свято-Введенская монастыры, Мәскеу облысындағы Троице-Сергиев, Соловецкий монастырларына барып православ мәдениетінің  ескерткіштерімен танысып, рухани жаңарады.  Орта Азиядағы ислам діні орталықтары Самарқанд пен Бұхара, Хиуа, Үргеніш – кеңестер кезінде де сүрленген туристік соқпақ болып қалыптасқан еді. Бүгінгі күндері Өзбекстандағы орта ғасырдың сәулетті ғимараттары көз тартады. Сол жерлерге апарып-алып келетін туристік фирмалар да жеткілікті. Бұл компаниялар мұсылмандарды Мекке мен Мәдина қалаларына апарып, үлкен-кіші қажылықтарын атқаруға қызмет етіп жүр.

Ал, еліміздегі рухани туризмнің нысандары, зиярат ету мәдениеті жайын  құрбымның  сөзінен-ақ  аңғаруға болады. Айта кету керек, кезінде осы туризмнің түбі жоқ пайда көзі екенін біліп, алдына ала қамданғандар болды-ақ. Соның бірі – 2009 жылы ресми тиым салынған «Ата жолы» тобы. Олар адамдарды қасиетті орындарға топтап апарып, дүниетанымызда жоқ әрекеттерімен ішкі туризмнің діни бағытының дамуына көп зардабын тигізді. «Аққулардың», «сұңқарлардың» тырнағына ілініп қалудан сескенген жұрт Түркістанға, жалпы еліміздегі қасиетті орындарана апаратын жолды ұмытты. Бұл ретте, діни туризмді дамыту үшін ресми дін қайраткерлерінің ағартушылық, насихаттық қызметі қажет сияқты. Соңғы кезде белең алып келе жатқан араб дәстүршілдігінің ықпалы да ықылым заманан бері келе жатқан, ұлттық санамызда қалыптасқан зиярат ету мәдениетімізге өз  әсерін тигізуде. Жалпы ислам қағидаттары бойынша, барша мұсылман қауымға арнайы зиярат етіп баратын орындар деп Мекке, Мәдина, қалаларын және Құдыс қаласындағы әл-Ақса мешітін белгілеген.

Алайда сөз қазақы  санамызға, дәстүрлі дініміз жайында болып отыр. Бұл ретте, дінтанушылар Құран-Кәрімнің «Ескертілген қауымның соңдарын көр» деген аятын қаперге алады. Демек, алдында өткен адамдардың  өмірімен, артында қалдырған істерімен танысып, ерте заманнан бүгінге жеткен сәулет өнерінің де үлгісі болып қалған кесенелерді зиярат етуді жоққа шығармайды. Ол жөнінде Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің ха­лық­аралық орталығының діни орталықтарды зерттеу бөлімінің басшысы  Айнұр Әбдірә­сіл­қы­зы: «Қазақ даласындағы мазарлар рухани тұрғыдан алғанда адамның өткенмен, өзімен, Алламен сырласу, арылу, есеп беру орнына айналған. Қазақтың қабірлерді ерекше қасиеттеуі, жиі зиярат етуі осындай себептерден туындаған. Осының барлығын жат көзқараспен өлшеп, бүкіл ғибратын жоққа шығару үлкен рухани қателік болмақ.

Қабірге зиярат етуді серік қосу күнәсімен байланыстырушылардың қарекеті қаншалықты қисынды дегенге келсек, қабірді зиярат етуге, әруақтарға Құран бағыштауға Исламның тыйым салмайтыны, қайта қолдайтыны белгілі. Бағышталған Құран соңынан әрбір мұсылманның Алладан тілек сұрап, дұға ететіні белгілі жайт. Осы тілекті қабір басында айтқаны үшін ғана адамның әруаққа табынған болып саналмайтыны анық» дейді.

Демек, заманның ықпалымен діни туризм десек те, қазақ халқының дәстүрлі дініне қатысты, салт-дәстүр, әдет ғұрыптарымен тығыз байланысқан зиярат етудің мәдениеті барлық кезеңдерде болған. Алтайдан Атырауға дейін байтақ елді жайлап жатқан қазақтың тарихын оның тағылымын кесенелер мен мазарлардан білуге болатын. Батыстағы Шопан-ата, Масат-ата, Қараман-ата, Шақпақ-ата, Бекет-ата секілді киелі орындар, баға жетпес археологиялық артефакттер,сансыз баптың мекені болған оңтүстік өңірі, қасиетті Ұлытау, мұның бәрі өткеніміздің ізі әрі тарих-шежіремізбен терең тамырлас. Сансыз баптың мекені оңтүстіктің киелі жерлері туралы сөз басқа. Сырға толы сыр өңірінде де талай бабамыздың ізі жатыр.

Ендеше халықтың рухани сұранысын діни туризммен ұштастыра білгенде ғана ішкі туризм жаңа сипатпен дами түспек. Меніңше, ел-жерді танып, тарихына қанығудың тамаша мүмкіндігін көлденеңнен қосылғандардың қолына ұстатып жібермеудің қамын жасау керек сияқты.

Ғибадат деп осы екі бағытты да бір ұғымға сайып, өз өлкеміздегі қасиетті орындарда болып, зиярат етудің мәні мен мәдениетін оқырмандарға жеткізбек мақсатында ашып отырмыз. Егер ойымыз көптің көңілінен шығып жатса, арнайы туристік маршрут сайлап, зиярат етушілерге жол бастаушы серік қосып, туған елімздің көрікті де киелі орындарына апаруға да құлықты екенімізді айтпақпыз.

Дерек көзі: kozhalar.kz

Опубликовано в Ұсыныс

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Ұлыбритания елінен келген Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін ағылшын тіліне алғаш тәржімалаушы белгілі ғалым Джонатан Трапман шығармашылық мәдени ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімшарт меморандумына қол қойды, деп хабарлайды inform.kz.

Опубликовано в Руханият
Страница 2 из 3

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер