Показать содержимое по тегу: Саясат
Президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында діннің мемлекет қадағалауында болуы керек екенін айтты.
Түркия Иерусалим қаласында елшілігін ашпақ. Бұл туралы осы елдің мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған Караман провинциясының тұрғындарымен болған кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Тәуелсіздіктің қандай тетіктері бар болса, соның бәрін іске қоссақ жақсы болар еді...
Философия ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Әбдімәлік Нысанбаев «Айқын» газетіне берген сұхбатында тәуелсіздік идеясын саралады, деп хабарлайды silteme.kz.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көкейімізде «Кімнен тәуелсіз боламыз? Неден тәуелсіз боламыз? Қалай тәуелсіз боламыз?» деген сауал тұрды...
Философия ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Әбдімәлік Нысанбаев «Айқын» газетіне берген сұхбатында еліміздің Тәуелсіздігін жарияланған кездің несімен есінде қалғанын айтты, деп хабарлайды silteme.kz.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда «100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесу өткізгеніне ерекше тоқталып, Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы азаматтар екенін атап өтті, деп хабарлайды akorda.kz.
– Бұлардың ұстанатын өмірлік қағидасы – мемлекеттен талап ете бермей, оған өзінің идеяларын, шығармашылық энергиясын, қажырлы еңбегін арнау. Міне, біз қол жеткізген табыстың нағыз шынайы манифесі – осы! Тәуелсіздіктің ұрпағы да – осылар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, ол озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін сан жағынан өсуден сапалық өзгерістерге көшудің маңызды талап екенін айқындап берді.
– Қазақстанды қалыптасқан мемлекет ретінде нығайтып, біз бүкілін қамтитын жаңғыруға, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тұрпатын жасауға кірістік. Сол үшін саяси, экономикалық және рухани жаңғыру үдерісін бастап кеттік, – деді Қазақстан Президенті.