«Тәуелсіздіктің ең негізгісі – саяси тәуелсіздік. Саяси тәуелсіздік болмаса, ешқандай тәуелсіздік болмайды. Ақпараттық, экономикалық, басқа да тәуелсіздіктер толып жатыр. Олар саяси тәуелсіздікті іске асырудағы бір тетік қана. Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай, басқа да Алаш қайраткерлері ХХ ғасырдың басында саяси тәуелсіздік үшін күресті. Саяси тәуелсіздікке қол жеткізуді армандады. Енді бір жиырма жылды артымызға тастап, аласапыран кезден өтіп алсақ, керемет жақсылықтарға жетер едік» деп қынжылыс білдірген ғалым.
«Тәуелсіздіктен айырылмауымыз керек. Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз, басты байлығымыз. Тәуелсіздік үшін қанымызды да, жанымызды да аямаймыз. Тәуелсіздікті сақтап, оны ары қарай дамытуымыз керек. Сол үшін Тәуелсіздіктің қандай тетіктері бар болса, соның бәрін іске қоссақ жақсы болар еді» деп жәнеден пікір білдірген Ә.Нысанбаев.
Сондай-ақ, ол өз сөзін: «Әрине, 100 пайыздық абсалюттік тәуелсіздік болмайды. Мемлекет өзінде жоғын екінші бір мемлекеттен алып жатады. Дегенмен бұл – келісіммен жүзеге асырылатын нәрсе» деп атап өткен академик.