Түркия Иерусалимде елшілігін ашпақ
20.12.2017, 02:08

Түркия Иерусалимде елшілігін ашпақ

Түркия Иерусалим қаласында елшілігін ашпақ. Бұл туралы осы елдің мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған Караман провинциясының тұрғындарымен болған кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

«Жергілікті халық та бұл бастаманы қызу қуаттап отыр», – деп хабарлайды арнаның меншікті тілшісі Ержан Жүніс.

Осыған байланысты Анкара мен Диярбақыр қалаларының тұрғындары бейбіт шеруге шығып, АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы саясатына нарызылық білдірді. Олар үш діннің қасиетті орыны саналатын тарихи шаһарды ешкім меншіктеп алып, иелік етуіне құқығы жоқ дейді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті: 

– Қазіргі таңда Иерусалим басқыншылардың қолында. Сол себепті біз дәл қазір елшілігімізді аша алмай отырмыз. Алайда біздің Бас Консулдығымыз елшілік өкілінде қызмет етіп жүр. Негізі іс жүзінде бар. Енді ресми түрде ең жақын уақытта өз елшілігімізді ашамыз. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер