Показать содержимое по тегу: білім
ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мектептерде дене шынықтыру сағатының қысқаратыны туралы ақпаратқа нүкте қойды. Әлеуметтік желіде олардың сағаттарын аптасына үш сағаттан екі сағатқа дейін қысқарту жоспарланғаны жайлы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Today.kz.
«Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді» деген мәтел бар. Бірақ біреудің жоғы біреулерге тіпті іздемесе де табылатыны тіпті қызық. Бұл тұрғыда нақты, белгілі бағытпен ізденген көп адамдар тіпті аянышты көрінеді. Алғашқы мотоциклді жасаған өнертапқыш Сильвестр Роупер сол мотоциклімен аударылып ажал құшты. Алғашқы сүңгуір қайықты жасаған Гоурас Лоусон сол сүңгуір қайығымен қоса суға кетті. Франц Райхелт өзі жасап шығарған парашютті сынауға Эйфель мұнарасынан секіріп, опат болды. Бірақ біздің бүгінгі әңгімеміз – жаңалықты сұрамаса да өзі іздеп келген бақытты ғалымдар мен өнертапқыштар туралы болмақ.
Қазіргі таңда қазақстандық жастар әлемнің кез келген елінде еркін білім алу мүмкіндігіне ие. Оқып келіп, алған тәлімін кәдеге жаратып жатқандар да жетерлік. Дегенмен қай мемлекет, қай университетті таңдау керек екендігі – аса маңызды мәселе. Бұл тұрғыда көптеген дүние ескерілуі тиіс. Осы туралы жас талап, бірнеше мемлекетте оқып, тәжірибе мен білім жинаған Исатай Минуаровпен сұхбаттастық.
«Назарбаев зияткерлік мектептерін» коммуналдық меншіктен дербес білім беру ұйымына беру көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР үкіметінің қаулысы жобасында жазылған, деп хабарлайды elorda.info.
Мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керек. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.