«Біз электрондық журналды қағаз есепке теңестірдік. Егер мектеп электрондық жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керекпіз. Оны қайталап тағы қағаз түрінде толтыру қажет емес және оған тыйым салынды. Тиісті бұйрық қабылданды», - деді министр.
Сонымен қатар Е. Сағадиев бүгінгі күні мектептің мұғалімдері жүргізетін құжаттар бекітілгенін сөз етті.
«Олар тек 5 құжатты толтырады және электронды жүйеге қосылған болса, барлығын электронды түрде жүргізуге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты да бұйрық бар. Алдағы уақытта мұғалімдер өздерінің функцияларына сәйкес емес жұмыстарды істемеуі үшін, барлық деңгейдегі басшылар аталған мәселені өз бақылауында ұстауы керек», - деді ведомство басшысы.