Шымкент

Показать содержимое по тегу: Шымкент

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде бос лауазымдарға орналасуға үміткерлердің саны едәуір артты. Бұл  мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесін пилоттық жоба ретінде енгізумен тікелей байланысты, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Опубликовано в Құқық-заң

Белгілі журналист Нұрбек Бекбау өзінің фэйсбук парақшасында шымкенттіктердің көптігінің оңды тұстарын атады, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Опубликовано в Сарап Time

Оңтүстік Қазақстан облысында "Ońtústik ónimi" байқауы басталды. Байқаудың мақсаты - Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауындағы индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізу бағыттары аясында Оңтүстіктің төл өнімдерін көрсетіп, насихаттау. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Опубликовано в Ұсыныс

Оңтүстік Қазақстан облысында     өткен жылы жергілікті бюджеттің кірістер жоспары 103,4 пайызға орындалып, 4 млрд.теңге қаржы артық түсті. Нәтижесінде жергілікті бюджеттің кірістері 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 17,4 пайызға артқан. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Опубликовано в Экономика

Шымкент қаласындағы Түркістан салтанат сарайында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесі жобасы аясында ҚР Президенті оркестрінің концертті өтті. Кешке ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы – «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ-нің директоры  М.Қасымбеков, облыс әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиев, өңір зиялылары қатысты, деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Опубликовано в Руханият
Страница 5 из 14

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер