"Шындап келгенде, шымкенттіктердің көптігі - күллі Қазақстанды алапат бір экспансиядан сақтап отыр. Сенбесеңіз, Шымкенттің арғы жағына қараңызшы! Қарақұрым өзбек, тәжік отыр. Шаршау дегенді білмейді, қолынан келмейтін ісі жоқ. Егер, бергі бетте - сол өзбектен де өтіп кеткен пысық әм өте көп шымкенттіктер болмағанда, Қазақстанда мыңдаған "Сайрам" пайда болар ма еді?!
Шымкент - адамдардан тұрғызылған қазақтың тірі қорғаны ғой. Бері қарай құлай салуға ентелеп тұрған мигранттардың нөпірін - еңбекқорлығымен, саудакерлігімен, өнерімен ұстап, өткізбей тұр. Бірде, ақын Бауыржан інім осылай деп еді. Рас сөз ғой, ып-ырас!" деп пікір білдірген ол.