Шымкент

Показать содержимое по тегу: Шымкент

Шымкенттік жас жігіт қоғамдық көлікте танысқан қызға іздеу салды. Ол Катя есімді бойжеткенді табу үшін автобус бағытының бойымен хабарландыру қағаздарын іліп тастаған. Бұл туралы Stan.kz порталы go13.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

Опубликовано в Әралуан

Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы жер қоры 11725,8 мың гектарды құрайды. Оның ішінде өңірдегі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер  6 680,2 мың гектар көлемінде. Сондай-ақ, егістік жер - 939,6  мың гектар, жайылымдық жер - 5626,4 мың гектарды аумақты алып жатыр. 2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлер 2016 жылмен салыстырғанда 30 мың гектарға артқан. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жер қатынастары басқармасының басшысы  Созақбай Әбдіқұлов мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.

Опубликовано в Шешімгер

Оңтүстік Қазақстан облысы өндіріс ошақтарын көбейтіп, барлық салада қайта өңдеу ісін жандандыруы қажет. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалану аса маңызды болмақ. Сондай-ақ, өңірімізге келетін импорт ағынын азайтып, экспорт көлемін арттыруға күш салуға тиіспіз. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында өткен жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.

Опубликовано в Бизнес

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан тұрғын үйлердің иелеріне пәтер кілтін табыстады. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 288 отбасы баспаналы болды. 9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысын «Югстройсервис-Н» және «Шымкентстрой» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген. Қос нысанның құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталып, бүгінде ел игілігіне тапсырылуда.

Опубликовано в Жылжымайтын мүлік

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында қуаты 14 мегаватт болатын күн электр станциясы салынады. Станция құрылысына шамамен 12 миллион доллар бөлінетін болады. Мұндай келісімге 13 қаңтарда өткен Абу-Дабидегі IRENA ассамблеясының сегізінші сессиясында ҚР энергетика министрлігі қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды silteme.kz.

Опубликовано в Шешімгер
Страница 8 из 14

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер