Показать содержимое по тегу: жылқы
Ағылшын футболының жарық жұлдызы, кезінде испандық Реал Мадрид және ағылшын клубтары Ливерпуль, Ньюкасл Юнайтед, Манчестер Юнайтедтің сапында жасындай жарқылдаған М.Оуен әлемдік аяқдоп тарихында өшпестей қолтаңбасын қалдырған спортшы. Дәл осы Майкл сияқты 16 жасында үлкен футболдың даңғаза дарбазасын теуіп кірген аяқдопшы аз. Ливерпульда өнер көрсеткен жылдары (1996-2004) ол 297 дүркін алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 158 дүркін гол соққан сойқан.
Жылқыны бағу мен оның өнімдерін адам игілігіне жарату – күнелтіс қамы болса, оны баптап, жаратып, бәйгеге қосу – өнер. Өнер болғанда да қанмен сіңетін қасиет, аса қызығушылықпен жылдар бойы ден қоя үйренбесе, зерттемесе сырын оңайлықпен аша қоймайтын ғылым. Жылқы түлігін алғаш қолға үйреткен немесе жылқы түлігі алғаш даласынан табылған деп аталатын біздің халқымызда жүйрікті жазбай танып, оны балаша баптап, құстай ұшырған дала перзенттері – атбегі, сейістердің орны бір бөлек.