Показать содержимое по тегу: Ер Едіге
Бұл Едігенің қартайып, сырқаты меңдеген кезі екен. Сырқаты меңдеп көз жұмар шағы жақындағанын сезген ол үлкен ұлын шақырып, қол астындағы елін жинауды бұйырыпты.
Тоқтамыс ханның ордасында беделді би болған Едіге қасиетті Ұлытаудың биік шыңдарының бірінде жерленген. Ол шың кейіннен Едіге деп аталып кеткен. Өз дәуірінде ерекше құрметке ие болған бидің қасында Тоқтамыс хан жерленген екен. Massaget.kz тілшісі тарихта бір-біріне қас болған тұлғалардың бір шыңда жерленуінің себебін анықтап көрді.
Маңғыстаудан шыққан талантты зерттеуші Серікбол Қондыбай ноғайлы жырларының генезисіне арналған еңбегінде «Қырымның қырық батыры» жырлар циклін туғызған поэтикалық орта – Маңғыстау мен Үстірт деп таниды. Ол Мұрын жыраудан жазып алынған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклі бойынша 112 топонимнің 32-сі Маңғыстау мен Үстіртте бар немесе осы географиялық кеңістіктегі жер-су атауларына жуықтайды, қалған топонимдер Атырау, Ақтөбе облыстары мен Қазақстанның Түркіменстан, Қарақалпақстанмен шектесетін аймағында орналасқан елді-мекен атаулары деп көрсеткен.
Алтын Орда хандарының ақылшысы, халық қамқоры болған Едіге батырдың Тоқтамыспен арадағы соғысын арқау еткен аңыз-әңгіме, дастан-жырлар халық арасында кеңінен тараған. Оның өмірі мен соғыстары туралы жырлар қазақ қана емес, татар, ноғай, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, құмық, түрікмен, т.б. халықтар арасында да кездеседі. Жырдың дәстүрлі нұсқаларын кезінде Ш.Уәлиханов, П.М.Мелиоранский, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, И.Н.Березин, А.Беляев, Н.И.Веселовский, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов сияқты ғалымдар мен жазушылар зерттеп, жоғары бағалаған.
Едіге Құтлу Набанұлы 1352-1419 жылдар аралығында Қаратаудың теріскей бетіндегі Құмкент шаһарында туып, ғұмыр кешкен әйгілі би.