Показать содержимое по тегу: Тарих
Мәделіқожаның «Арыстанбайға» деген арнау өлеңіне арқау болған Арыстанбай кім еді? Елден жеткен аңыздар бойынша Арыстанбай Сарысудан Шымкентке көшіп келген. Арыстанбай Арзықұлов туралы құжатта 1836 жылы туылған, 38 жаста, сауатты, діні мұсылман деп жазады. Өзі найман руынан. Наймандарды Атбасардан Сарысуға, одан Созаққа, одан бері Түркістанға, Шымкентке дейін көшіріп алып келіп Арыс өзенінің бойынан шұрайлы жер алып беріп қоныстандырған осы Арыстанбай екен делінеді ауызша жеткен аңыздар бойынша. Аңыз болып тұрса да шындыққа жақын. Әлхисса біз Арыстанбайдың Шымкентке көшіп келместен бұрынғы өмірінен бастап кейінгі өміріне дейін тағдыр талайын зерттеп, бірнеше құнды мәліметтер таптық. Содан әріден бастасақ. Арыстанбайдың жастық шағынан.
Шығыстық түркі сәулетінің символы ретінде көк күмбездер Самарқан мен Бұхарада жиі кездесетін болса, Хиуада бір ғана көк күмбез бар. Ол шартарапқа әйгілі және XIII-XIV ғасырларда жасаған әулие шайыр әрі алып Палуан (Пахлаван) Махмұттың қабірін безендіреді.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихы: методологиялық мәселелер» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
ҚР Ұлттық музейі Ғылыми кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың «Балуан тас. Балуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)» атты екі томдық авторлық-жинақ кітабының тұсаукесері болып өтті.
Бүгін «Астана» концерт залында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Сарыарқа – тарихтың бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.