ОҚО

Показать содержимое по тегу: ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысындағы сауда орындарына, жеке кәсіпкерлік және білім беру нысандарына өртке қарсы жай-күйіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізілетін болды. Ресейдің Кемерова қаласындағы ірі сауда - ойын сауық орталығында орын алған өрт оқиғасынан кейін ҚР Бас прокуратурасы Ішкі істер министрлігіне 3 ай мерзімінде халық көп шоғырланатын нысандарда төтенше жағдайға қатысты талаптардың сақталуын қадағалап, тексеріс жүргізуді тапсырған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жинында ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н.Жүнісов мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz AA

Опубликовано в Әлеумет

Оңтүстік Қазақстан облысында жарияланған «Зорлық- зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаш ауданында бастау алды. Мақсаты оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық нені білдіретінін түсіндіріп, отбасындағы бала тәрбиесі туралы кеңінен насихаттау, деп хабарлайды silteme.kz AA

Опубликовано в Әлеумет

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бумпром» ЖШС қағаз қалдықтарынан картон шығару ісін жандандырып келеді.  2016 жылы  жылы іске қосылған жобалардың бірі «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан. Жобаның жалпы құны 200 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 4 мың,  ал айына 350 тонна өнім шығаруға қауқарлы.  Бүгінде мұнда 30  адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды silteme.kz AA

Опубликовано в Экономика

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының диқандары бүгінгі күнге дейін 1723 гектар жерге қарбыз, 3120 гектарға қауын тұқымын егіп үлгерді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қарбыз 1248 гектарға, қауын 1277 гектарға артық. Өйткені биылғы жылы ауа-райы шаруаға қолайлы болып отыр. Алдағы уақытта қауын-қарбыз тұқымын егу жұмыстары жалғасын таппақ. Жалпы көктемгі егістік науқаны аяқталғанға дейін диқандар 26 мың гектар жерге бақша дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Жылда көктемгі егіске ерте бастан қамданатын мақтаралдық шаруалар дәстүр бойынша көктемгі егіс жұмыстарын қызу қарқынмен жүргізуде,-деп жазады silteme.kz AA

Опубликовано в Әлеумет

Осы жылы ел бойынша 2 миллион гектар алқапты зиянкестер басуы мүмкін. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының атқамінерлері олармен күресуге ертерек қамдануы қажет. Өйткені Ауыл шаруашылығы министірлігінің мәліметінше, іргелес жатқан қос өңірдің 650 мың гектарға жуық аумағына шегірткелер шабуылдауы мүмкін деп мәлімдеді sn.kz.

Опубликовано в Саясат жүзі
Страница 4 из 26

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер