ОҚО

Показать содержимое по тегу: ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысында     өткен жылы жергілікті бюджеттің кірістер жоспары 103,4 пайызға орындалып, 4 млрд.теңге қаржы артық түсті. Нәтижесінде жергілікті бюджеттің кірістері 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 17,4 пайызға артқан. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Опубликовано в Экономика

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен өңірде биыл 1 наурыз – Алғыс айту күні ретінде аталып өтілмек. Жаңа мазмұнда өткізілетін мерекелік шаралар оңтүстікте 20 ақпаннан басталып, 1 наурызға дейін 10 күн бойы жалғасады. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов мәлім етті, деп ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

Опубликовано в Қоғам

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. 16 қаңтар күні облыстық №2 перинаталдық орталығында бір ұл мен екі бірдей қыз баласы туылған, деп silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Опубликовано в Қоғам

Оңтүстік Қазақстанда облысында халқы ең тығыз орналасқан Мақтаарал және Сарыағаш аудандарын бөлу туралы мәселе соңғы жылдары жиі қозғалып келді. Ал бүгін алтыншы шақырылымындағы облыстық мәслихаттың ХХ сессиясында аталған ұсыныс күн тәртібінде қаралып, депутаттардан қызу қолдау тапты. Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халық күткен тарихи шешімді негіздеу үшін тиісті ауқымда шаралардың жүргізілгенін жеткізді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА.

Опубликовано в Ұсыныс

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиев Оңтүстік Қазақстан облысына іссапармен келді. Сапар барысында Вице-Премьерге облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев цифрландыру жүйесі енгізілген бірқатар нысандарды көрсетіп, ондағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобалармен таныстырды, деп ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

Опубликовано в Technology
Страница 10 из 26

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер