Болжам расталса, шаруалардың жағдайы мәз болмайтыны анық. Нәсібін жерден терген біраз жамбылдықтар былтыр да қыруар шығынға батқан еді. Әсіресе, Талас, Жамбыл, Байзақ аудандарында жаппай шегіртке қаптап, егістік түгілі, жайылымының өзін жайпап тастаған. Соның кесірінен көбі мал азығынан қағылды. Бұған бұқара зиянкестерді өлтіру жұмыстарына ерте кіріспеген шенділерді айыптаған болатын. Ал биылғы дүрмекке министірлік өкілі дайынбыз деп сендірді.
Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
- Марокколық шегірткенің ОҚО және Жамбыл облыстарында жаппай таралуы күтілуде. Осы өңірде марокколық шегірткеге қарсы 640 мың гектар жерді өңдеу жоспарлануда. Облыс әкімдіктеріне жедел штабтар құруды ұсынамыз. Саяқ шегірткелдерге баса назар аудару қажет.