баспана

Показать содержимое по тегу: баспана

Біреудің үйі жоқ, біреу енесімен тұрады. Біреу жалдайды. Ал, біреудің пәтері бола тұра үйім бар деген сезімге бой алдыра алмайды. Үйің жоқ болса, бұған не себеп? Жауабын бірге іздеп көрелік...

Опубликовано в Әлеумет

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан тұрғын үйлердің иелеріне пәтер кілтін табыстады. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 288 отбасы баспаналы болды. 9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысын «Югстройсервис-Н» және «Шымкентстрой» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген. Қос нысанның құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталып, бүгінде ел игілігіне тапсырылуда.

Опубликовано в Жылжымайтын мүлік
Silteme.kz АА алыс жол үстінде боран мен бұрқасынға тап болған жағдайда не істеу керектігі жөнінде нұсқаунама ұсынады.
Опубликовано в Шешімгер

Өткен аптадан бері әлемжелінің қызу талқысына түскен тақырып – журналист  Нұргелді Әбдіғаниұлы мен Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің жастарға жатақжай салып беру туралы бастамасы болды.

Парламентте көтерген бұл мәселе – Президент жүктеген жастарды баспанамен, жұмыспен қамту туралы тапсырманы жүзеге асырудың жолы болатын. Қалай десек те, бейбіт елдің босқындары бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сол секілді урбандалу үдерісін де тежей алмаймыз.  Демек мәселені шешудің өзге жолдарын қарастыру қажет.

Біз бір ғана Алматы қаласындағы жастардың жай- күйін нақты деректермен көрсеттік. Ал Астана, Шымкент және өзге де ірілі-ұсақты қалаларда қаншама жастың бас қайғысы баспана болып жүр? Сонымен қатар бұл жастарға байланысты келтірілген деректер. Ал қанша жылдан бері базар жағалап, пәтер жалдап тұрғандардың санына кім жетіпті? Тапқан нәпқаның жартысын пәтерақыға беретін ішкі мигранттардың есебінен ақша жасап отырған пәтер деуге келмес, бөлме берушілер мемлекетке бір тиын да салық төлемейді.  Барақ қожайындарының бұл әркеті көлеңкелі экономикаға жатпай ма? Біз бардық, көрдік, сезіндік. Енді сіз қараңыз!

Уақытша тіркеу кезінде ресми түрде 690 мың ішкі мигрант тіркеліпті. Шын мәнінде бұл көрсеткіш әлдеқайда көп екені түсінікті. Десе де, 690 мың баспанасыз Қазақстанда бар деген сөз. 2016 жылды қорытындылаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарының саны 2 миллионға жеткенін айтқан еді. Алматы Қазақстандағы ең ірі мегаполис саналатындықтан, әйдік шаһарға келушілердің саны да өзгелермен салыстырғанда едәуір көп. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының дерегіне сүйенсек, былтырғы жылдың қорытынды есебі бойынша, Алматы қаласында 14-тен 29 жасқа дейінгілер деген санатта  483 мың адам бар екен. Ал жыл сайын Алматы қаласында 30 мыңға жуық жас маман ЖОО аяқтайды. Олардың 7 мыңға жуығы Алматы қаласының тумалары болса, қалғандары өзге қалалардан келгендер.

Ресми статистикаға қарасақ, жоғарыдағы 30 мың жас маманың 75 пайызы Алматыда қалуды жөн көреді. Бұл тізімге Алматы маңындағы (Қаскелең, Талғар, Іле ауданы) қалашықтардың жастары кірмеген. Күнделікті келіп-кетіп жатқан жастардың есебіне жету мүмкін емес.

Ал қазірдің өзінде Алматы дейтін әйдік шаһардағы 81 мыңға жуық студенттің бар болғаны 35 мыңы мемлекеттік жатақханамен қамтамасыз етілген. Қалған 46 мың студент пәтер жалдап тұратыны сөзсіз.

Журналстік зерттеуді бастау сәті.

Тар ауладағы тіршілік

Қоқысы қолқаны қапқан аула

Тар бөлмеге сыймаған тұрмыстық заттар

 Қаланың қақ ортасындағы жалдамалы бөлмелер:

 

 

11 жанұяға арналып салынған бөлмелер

Күн түспейтін кеңістік

 Асүй мен жатынжайды ажыратып беріңізші

12 отбасы ойысып отыр

 Ерлер мен әйелдерге арналған екі бөлек дәретхана. Онда бару үшін ағаштан аттап өту керек

Душ қабылдауға да «жағдай» жасалған

Тауық та, квартирант та пайда алып келеді. Сондықтан, екеуі де бір аулада жүруге тең құқылы

 Қортынды:

Қазақстанда Заң жүзінде әрбір азаматқа 18 шаршы метрден кеңістік берілуі керек. Ал біз көрген жалдамалы бөлмелердің көлемі 9 шаршы метрді құрайды. Ол жерде отбасылы, бала-шағыла адамдар тұрып жатыр. Сонда әрбір адамға қанша шаршы метр кеңістіктен келетінін елестете беріңіз…

Енді жаңағы 9 шаршы метрді стандартты отбасының жан басына шағып көрелік. Әкесі, шешесі, бір ұл, бір қыз, яғни бір отбасында 4 адам бар делік. Әр адамға 2,25 шаршы метрден келеді.  Бір қызығы елімізде Заң жүзінде сотталған әрбір азаматқа 3 шаршы метрден кеңістік тиеді екен. Арғы жағын өзіңіз пайымдарсыз…

Дерек көзі: alauinform.com

Айнұр Төлеу

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Опубликовано в Сарап Time

Биыл 1 қаңтардан бастап Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы күшін жойғаны белгілі. Бірақ, бұл халық баспанасыз қалады деген сөз емес. Керісінше, мемлекеттің тұрғын үй саясаты жаңа деңгейге шығып отыр.

Бұған дейін жеңілдетілген жолмен баспана беретін бірнеше бағдарлама болған болса, енді оның бәрі «Нұрлы жер» бағдарламасына бірігіп отыр. Ал, мұқтаж жандардың баспаналы болу мүмкіндігі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда артқан.Бірнеше бағдарлама деп отырғанымыз: Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту», «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламалары. Бұлардың бәрі енді бір жүйе негізінде жүзеге аспақ.

Мәселен, бұған дейін мемлекет жас отбасылардың баспаналы болуына көбірек екпін берсе, қазір әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар да, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері де, оралмандар да және әлеуметтік статусы бар өзге азаматтар да пәтерді арендалық негізде ала алады. Мемлекет салатын бұл пәтерлер сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз берілетінін де айта кету керек. Яғни, алғашқы жарнасын төлемей-ақ үйлі болуға мүмкіндік көп. Оның үстіне биылдан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында салынатын үйлердің саны да еселеп артып отыр.

Сондай-ақ, қазақстандықтар жеңілдетілген 5 пайыздық несиемен де пәтер ала алады. Бұл да «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасындағы бағыттардың бірі. Ал, оны қалай алатынын білу мақсатында мемлекеттің тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырумен айналысып келе жатқан қаржы институттарының бірі – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның өкілдеріне сауал жолдаған болатынбыз. Банктің баспасөз хатшысы Айбар Олжаевпен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Айбар, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асырған кезде жас отбасыларға көп жеңілдіктер жасалды. «Жас отбасы» деген арнайы бағыт та болды. Қазір ол жоқ. Есесіне арендалық пәтер алуға мүмкіндік көп. Бұл бағдарламаның жүзеге асу тетіктері қандай? Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» пәтер алу үшін кімдерге 5 пайыздық несие береді?

– Өзіңізге белгілі, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы 2012 жылдан бастап сәтті жүзеге асып, 2015 жылға дейін жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап ол «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» құрамына кіріп кетті. Ал, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Жас отбасы» бағдарламасын сол 2012 жылдан бастап сәтті жүзеге асырды. Бірақ, соңғы уақытта мемлекеттің тұрғын үйге қатысты саясаты модернизацияға ұшырап, түрленіп жатыр. Енді елдегі тұрғын үйге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасына бірігіп кетті.

Жастардың мәселесін енді арендалық баспана шешетін болады, сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз. Бұл бағыт жастарға да, әлеуметтік топқа жататын азаматтарға да, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерге де арналған. Яғни, үйдің алғашқы жарнасын төлеуге жағдайы жоқтарға таптырмайтын мүмкіндік болып отыр. Үй алу тетіктері дәл сол бұрынғыдай: кезекке тұрып, қажетті құжаттарды рәсімдеу керек. Бірақ, бұрын «Жас отбасы» бағытын біздің банк жүзеге асырып келген болса, қазір «Нұрлы жер» аясындағы аталған бағытпен Қазақстанның ипотекалық компаниясы айналысатын болады.

Ал, біздің банкте «Несиелік баспана» деген үлкен бағыт бар. Яғни, алғашқы жарнасын салып, жылдық 5 пайыздық несиемен үйіңізді ала беріңіз. Оған халықтың барлық санаты қатыса алады. Алдымен пәтер сомасының 30 пайызын құю керек, қалған ақшасын біз береміз.

Мұндай жеңілдікпен берілетін пәтерлерді мемлекет салады ма, әлде нарықтағы кез келген пәтерді ала беруге бола ма?

– Жоқ. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл бағыт бойынша тек әкімдік салып жатқан жаңа үйлерден ғана ала аласыз.

Үкімет «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жариялаған кезде 2020 жылға дейін мұқтаж жандардың бәрін үймен қамтимыз деп жоспарлаған еді. Әне-міне дегенше 2020 жыл да кеп қалды, енді алдағы үш жылда бұл жоспар орындала ма? Сіздер бағдарламаны жүзеге асырушылардың бірісіздер ғой...

– Бұған дейін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы жұмыс істеп тұрғанда жыл сайын орта есеппен 450 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беріліп келді. Биылдан бастап бағдарламаның аяқталғанын айттым. Бұған дейін басталған үйлерді бітіріп табыстаймыз, ал бұдан кейінгі үйлер енді «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады.

Бұл жаңа бағдарлама аясында енді жыл сайын 10 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Тұрғын үйлер екі түрлі болмақ: көпқабатты үйлер және қарапайым жер үйлер. Яғни, жыл сайын 5 млн шаршы метр көпқабатты, 5 млн шаршы метр жер үйлер салынып, халыққа беріледі. Бірақ, мұның бәрін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүзеге асырмайды. Сондай-ақ, Қазақстанның ипотекалық компаниясы бар, «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры бар, әкімдіктің өзі бар.

Егер дәл биылғы қарқынмен пәтерлер салынатын болса, алдағы санаулы жылда халықтың баспана мәселесі шешілуі тиіс.

Сіздердің банкте 50/50 деген бағдарламаның бар екені белгілі. Яғни, үй бағасының 50 пайызын жисаңыз, қалғанын банк төменгі пайызды несиемен береді. Бұл да «Нұрлы жер» аясында жүзеге асып жатыр ма?

– Жоқ, бұл банктің өз бағдарламасы.

Былтыр еліміздегі заңгерлердің бірі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» былығын аштым деп видеомәлімдеме жасаған болатын. Яғни, банк үй алуға несие берер кезде салымшылардың депозитте жиған ақшасына да пайыз есептейді екен деді. Артынша, сіздер олай емес екенін айтып дәлелдегендей болдыңыздар. Бұл оқиға банктің имиджіне нұқсан келтірген жоқ па? Салымшылардың қатары азайып, халықтың сенімі төмендеп кеткен жоқ па?

– Біздің банк барынша ашық жұмыс істейді. Клиенттердің бәріне несие берместен бұрын талаптарды түсіндіреміз. Біз мемлекетпен тығыз жұмыс істейміз, клиенттеріміздің көбі осы мемлекеттік бағдарламалар арқылы пәтер алатындар. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламасыз пәтер алатындар бар. Оларға 8,5 пайыздық несие береміз. Бірақ, ол үшін депозитке 3 жыл ақша жинау керек деп түсіндіреміз. Күткісі келмей, бірақ негізгі соманың 50 пайызы қолында бар тұрғындарға да береміз, бірақ сол қолындағы ақшасын депозитке бәрібір саламыз, сосын үш жылдан кейін ол ақша қарыздың негізгі сомасын жабуға жұмсалады. Қысқасы, ешкімнің артық тыйынын алмаймыз.

Сондай-ақ, бұл факт біздің банктің имиджіне еш нұқсан келтірген жоқ. Керісінше, салымшылар саны жыл сайын 200 мың адамға өсіп келеді. Қазіргі таңда салымшыларымыздың жалпы саны 840 мың адамға жетіп отыр. 2014 жылға дейін мұндай өсім жоқ еді. Сол уақыттан бастап жыл сайын 200 мың адамға өсіп келеді.

Мемлекеттік бағдарламамен салынған пәтерлер арзан. Бұл оның сапасына да әсер етеді дейтіндер көп. Сіздердің банк арқылы пәтер алып, кейін үйдің сапасына шағым айтып келетіндер көп пе?

– Шағым айтатындар қай уақытта да болады ғой... Болғаны да дұрыс, өйткені олар біздің салымшыларымыз, ақша төлеп отыр. Біз әкімшілікпен үшжақты келісімшартқа отыратын кезде үйдің сапасының барлық стандартқа сай екенін тексеріп аламыз. Бізде үй салынып жатқан кезде оны тексеретін құзыр жоқ, бірақ, сонда да бақылауға тырысамыз.

Егер, үйдің сапасы тым нашар боп жатса, қоғам белсенділерін тарту арқылы әкімдікке ықпал етуге тырысамыз. Жалпы, осы уақытқа дейін біздің қоғамдық кеңес 9 проблемалы үйдің мәселесін шешті, бүкіл Қазақстан бойынша.

Уақыт тауып сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Дерек көзі: baq.kz
Опубликовано в Сұхбат
Страница 2 из 3

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер