Ақша

Показать содержимое по тегу: Ақша

Қаражатты үнемдей және жоспарлай алмағандықтан, қарызға ақша алуға қарсы екенімді басынан ескертіп қояйын. Иә, менің ойымша, телефонға жетпей тұрған ақшаны тума-туыс, таныстардан сұрап, кейін олардан тығылып, ара-қатынасты алшақтатып алу-нағыз ақымақтық.

Қарызға ақша

Сонымен, беделді де, қарым-қатынасты да құртып алмай, жағдайдан қалай шығуға болады?

1. Бостан бос қарызға ақша алмаңыз

Қарызға ақша сұрарда, жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Сізге қаражат қатты қажет пе? Ол өзі не үшін керек? Мүмкін, киноға ақшаңыз барда барарсыз? Егер, себеппен де, себепсіз де «Қарызға ақша берші» деп таныстарыңызды қинай берсеңіз, беделіңізді түсіріп аласыз. Ал, шынымен де маңызды іске, мысалға, үй құрылысына немесе бизнеске ақша қаражат жетіспей тұрғанда, көмекті ешкім көрсетпейді.

2. Үнемі қарызды қашан қайтаратыныңызды айтыңыз

Егер, қарызға ақша алсаңыз, оны нақты қашан қайтара алатыныңызды ескертіп қойыңыз. Өйтпеген жағдайда, досыңызбен түсініспей қалуыңыз мүмкін. Ол да- адам. Қалтасы ақшаны талап етеді. Ол сізден қарызын күтеді, ал сіз оған ақша әлі қажет емес деп жүресіз. Кейін, ол аяқ астынан қарызын қайтаруын сұрап қалса, қашқанның көкесі сонда басталады.

Қарызға ақша

3. Өзіңіз де уақытылы қайтарыңыз

Тек қаражатты қайтаратын уақытты белгілеп қана қоймай, оны уақытылы қайтарыңыз. Жоғарыда атап кеткендей, досыңыз сол ақшаға сенім артып, жоспарлар құрып қоюы мүмкін. Сіздің қарызды қалай қайтаратыныңзға қарай, кейін оның сізге тағы да көмектескісі келетін құлшынысы да байланысты.

Егер, мүмкіндік болса, қарызды келісілген уақыттан ерте қайтарыңыз. Ешқашан сіздің артыңыздан жүгіріп, қоңырау шалып мазалағанын күтпеңіз.

4. Қарызға ақша аларда, өтірік айтпаңыз

Ешқашан қарыз алушыға жалған айтпаңыз. Қайтаратын мерзімді де, алып тұрған себебіңізді де асырып жібермеңіз. Өтіріктің арты бір тұтам.

Қарызға ақша

5. Қарызды қайтара алмай жатсаңыз, алдын-ала ескертіп қойыңыз

Әрине, жоспар әрдайым іске аспай жатады. Егер, келісілген уақытта қарызды қайтара алмайтыныңызды түсінсеңіз, қарыз берушіні ескертіп қойыңыз. Бірге тығырықтан шығар жолды қарастырып көріңіз. Оның артыңыздан қарызын талап етіп жүгірмеуін қаласаңыз, жағдайды толыққанды зерттеп шығыңыз. Ол да сізді түсініп қалуы мүмкін.

6. Бедел

Қарыз берерде, адамдар бір-бірімен араласады. Егер, сіз бұған дейін біреудің қарызын қайтармай қойсаңыз, сізге ешкім көмектескісі келмейді-ау. Сондықтан, беделіңізді сақтаңыз. Уәде берсеңіз-орындаңыз.

7. Алғыс айту

Кейбір адамдар қарыз алу әдетті іс деп санайды. Әрине, досыңыз сізге көмектеседі. Бірақ, ол да құрдымға кету қаупінде тұр. Нарық тұрақсыздығы бар, сізге бүгін берген ақшасының құны ертең төмендеуі мүмкін. Сондықтан, әрдайым, қарыз берушіге алғыс айтыңыз. Алғыс айту оңай. Уақытылы қарызды қайтарып беріңіз. Оның үстіне, көмегі үшін сыйлық берсеңіз, тіпті жақсы.

Қарызға ақша

Өз ақшаңызға абай болыңыз, ал өзгенің қаражатына асқан мұқияттылықпен қараңыз. Әр тиынын мақсатты түрде жұмсаңыз. Және, өз қаражатыңызды жоспарлап үйреніңіз.

Дереккөз: tabysker.kz

 

Опубликовано в Шешімгер

Көп адамдар өздерінің қалталарында неге ақша тұрмайтынын түсінбей жатады. Өзіңіздің ақшаңыздың ағымын реттеп, қаржылық жағдайыңызды түзеудің жолдарын қысқаша түрде ұсынамын.

Опубликовано в Бизнес

Apple компаниясының басшысы Тим Кук қағаз ақшаның жойылып кеткенін көргісі келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, Cult of Mac-қа сілтеме жасап.

Опубликовано в Экономика

СНГ мен Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі , vk.com, тәулігіне 60 млн адамды қонақжайлықпен қарсы алады. Бұл Қазақстанның түгел халқынан бірнеше есе көп. Ал, адам көп жерде қаражат та көп. Сондықтан, қыздармен немесе жігіттермен танысудың орнына, ақша табыңыз.

Опубликовано в Бизнес

Ақшаны қалай жинау үйрену — көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар,тіпті келесі айға да қалып жатады.

Опубликовано в Әралуан
Страница 3 из 8

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер