Показать содержимое по тегу: ауыл шаруашылығы
Қазақстан Республикасының агротехникалық университеттерінің жетекшілері мен ауыл шаруашылығы мамандарының Қытай Халық Республикасына арнайы сапары жалғасуда.
Бүгін Қазақстан мамндарының Қытай Халық Республикасына арнайы сапары Хэ-нань провинциясының Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының зерттеу кешенінде жалғасты.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы өмірге енгізілмек
Үстіміздегі жылғы 9 қыркүйек күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы ауыл халқының жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берген болатын.
Еліміздегі несие серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу әдісі қазірде қазақстандық ауылшаруашылығы тауар өндірушілері арасында танымал бола бастады, деп хабарлайды aikyn.kz.
Мал бордақылау алаңдарын және сүт қабылдау пункттерін кепілдіксіз сатып алу үшін Министрлік тарапынан несиелендірудің қолжетімділігін қамтамасыз ететін жүйе әзірленді. Бұл туралы Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz.
««ҚазАгро» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары арқылы лизингке бере отырып, бастапқы жарна ретінде инвестсубсидиялар қарастырылады және бұл қаржыға кепілдікке сатып алынатын жабдықтар алынады.Отандық компаниялармен нарықта модулді сүт қабылдау пункттері ұсынылған. Олар аз шығынды және арнайы орындар мен қондырғыларды монтаждауға қосымша шығынды қажет етпейді. Тек энергия және сумен қамтамасыз ету желісінің болуы қажет», - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Қ.Айтуғановтың айтуынша, әрбір облыста пилотты аудандарды аңықтау жұмыстары басталды және де осы аудандарда шаралардың талаптарына сай келетін кооперативтер құрылатын болады. Одан кейін, аталған кооперативтердің тәжірибесі басқа өңірлерде таралуға пайдаланылатын болады.