Показать содержимое по тегу: Әкім
Қыс айларында азық-түлік бағаларының қымбаттауына жол бермеу керек. Бұл үшін тұрақтандыру қоры тиісті шараларды атқарып, халық көп тұтынатын өнімдердің қорын жеткілікті көлемде дайындап, бағаның өзгермеуіне ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында орналасқан өңіріміздегі тұрақтандыру қорының қоймасын аралап көрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.
Ертең Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев субұлттық рейтингтің жеңімпазы атанған әкімді марапаттайды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме жасаған silteme.kz.
Германияның Алтена қаласының әкімі Андреас Холстейнді тамағынан бауыздап өлтірмек болған қылмыскерге дөнер сатушы Абдуллах пен оның ұлы Ахмет Демир тосқауыл болып, қылмыскерді полиция қызметкерлерінің қолына тапсырды, деп хабарлайды silteme.kz.
Шымкенттік белгісіз әншілер өздерінің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа арнап ән жазды, деп хабарлайды Baq.kz-тің өңірдегі тілшісі.