«Үкімет инвестициялық ахуал көп жағдайда жергілікті жерлердегі билік органдарының іс-әрекетіне байланысты екендігін түсінеді. Сондықтан да біз биыл субұлттық рейтинг деп аталатын бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлерді бағалаудың жаңа рейтингін енгіздік. Ертең Мемлекет басшысы аталған субұлттық рейтинг аясында бірінші орын алған әкімге жүлде табыстайды», деді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар ол инвестиция үшін әлемдік бәсеке артып отырған заманда әрбір инвестор үшін күресу қажеттігін баса айтты.
«Біз оған дайынбыз. Бүгін Қазақстан Үкіметі инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасау саясатынан өзінің таймайтындығын мәлімдейді», - деді Үкімет басшысы.