Показать содержимое по тегу: Әкім
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде аудан, қала әкімдерімен селекторлық жиын өтті. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте 9 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жүктеген міндеттерді өңірде жүзеге асыру жайы талқыланып, бірқатар сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz АА.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздің үшінші ғарышкері, Халық Қаһарманы, генерал-майор «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетовпен кездесті, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жоспардан тыс Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясовтың халық алдындағы есебіне қатысты. Жиынға сонымен қатар қала басшысы Нұрлан Сауранбаев пен жергілікті тұрғындар, ардагерлер мен мәслихат депутаттары қатысты, деп хабарлайды silteme.kz.
Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көлбай ауылының әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр. Жергілікті тұрғындар ауыл басшысының еңбекқорлығына тәнті болып, видеоға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласының активіне Президент әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Сонымен, облыс əкімінің өкімімен Түркістан қаласының әкімі болып Тәжібек Қалманұлы Мұсаев тағайындалды, деп хабарлайды облыстық баспасөз қызметіне сілтемемен silteme.kz АА.