Хош иістің «ноталары»
Өздеріңізге белгілі болғандай, хош иістер «ноталардан» тұрады, олар жұпар әрекет ететін уақытта өзгеріп отырады. Хош иістің негізгі үш нотасы бар:
• Жоғарғы ноталар хош иіс туралы алғашқы әсер береді. Жоғарғы ноталардың ұзақтығы он бес минут құрайды.
• Ортаңғы ноталары (оларды жиі «хош иістің жүрегі» деп атайды) – жоғарғы ноталар тарап кеткеннен кейін пайда болады да, бірнеше сағатқа созылады. Олар жоғарғы ноталардай ашық емес, дегенмен хош иістің бүкіл болмысын құрайды.
• Төменгі ноталар («базалық» деген атауға иеленген) хош иіс туралы соңғы әсер жасайды және теріде ұзақ уақыт сақталады. Олар бірнеше күнге созылатын жеңіл шлейф қалдырады.
Хош иістердің категориялары:
Парфюмерлер барлық хош иістерді негізгі құрамдас бөліктеріне қарай мынадай категорияларға жіктейді:
Гүл. Гүл хош иістер – парфюмерия рыногында ең танымал, әрі көптеп тараған ноталардың бірі. Гүл хош иісті парфюм нәзік образ жасауға көмектеседі. Жеміс. Көбінесе жидек, алма, цитрус және экзотикалық жемістердің хош иістері пайдаланылады. Мұндай гүл ноталарымен үйлесетін хош иістер парфюм иесін күш-қуатпен және оптимизммен жігерлендіреді, жеңіл және ойнақы көңіл күй сыйлайды. Ориентал (немесе шығыс). Нәзік, әсіресе амбра және ваниль дәмдеуіштердің түбегейлі иістері. Шығыс хош иістер көзге көрінбейтін жұмбақ бейне жасайды және образға нәзіктік береді. Балғын. Мақта және көк шай ноталы хош иістер. Салмақсыз, жеңіл ноталар тамаша көңіл күй жасайды. Мұндай хош иістер офиске және іскери кездесулерге мінсіз келеді. Гурмандық. Карамель, шоколад және кілегей ноталы хош иістер. Мұндай хош иістер мереке қарсаңында, салтанатты көңіл күй жасайды және образды назды етеді.
Жыл мезгіліне және сырт келбетіне қарай жұпар
Бірдей жұпардың хош иістері жыл мезгіліне қарай едәуір өзгеруі мүмкін. Жазғы уақытта тәтті хош иістер күшейе түседі. Суық мезгілде жеңіл, әрі таза хош иістер сәл күңгірттене бастайды. Қыс мезгілінде шипр әтірлер аса маңызды болады, жылы ағаш-мүк хош иістер қосымша жайлылық жасайды және жылулықпен борайды. Жылы мезгілде гүл-жеміс және балғын хош иістерді пайдаланған жөн.
Аққұба қыздарға балғын, гүл хош иістер, ал қызғылт шаш, ақшыл тері иелеріне шипр және гурман жұпарлар сәйкес келеді. Қара торы қыздарға шығыс және ориенталды хош иістер ең дұрыс таңдау болады, ал қоңыр сары шаштыларға тәтті, жеміс хош иістер келеді.
Хош иісті қалай таңдау керек?
• Хош иісті сатып аларда, міндетті түрде өнімнің үлгісін алыңыз, себебі парфюмның терідегі әсері күні бойына өзгереді.
• Сатып алар алдында хош иістің қай категориясы сізге көбірек ұнайтынын анықтап алыңыз.
• Хош иістердің ортаңғы және төменгі ноталарына баса назар аударыңыз, себебі олар негізгі әсер жасайды.
• Ауа райын және жыл мезгілін ескеріңіз. Егер далада суық болса, хош иісті шамамен үш сағат сайын жаңартып отыру керек. Жылы климатта хош иістің күші ұзағырақ сақталады.
• Жұпар ұзағырақ сақталуы үшін мамандар сол топтаманың құралдары: душқа арналған гельді және денеге арналған лосьонды алдын ала пайдаланып, оларды «қабаттауды» ұсынады.
• Хош иісті күні бойы жаңартып отырыңыз.
Мереке қарсаңында парфюм туыстарыңызға және жақындарыңызға тамаша сыйлық болады. Хош иісті таңдай алмадыңыз ба? Онда түрлі брендтердің сұлулық жөніндегі Кеңесшімен хабарласыңыз.